Онлайн газет



ТҰРҒЫН ҮЙДЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ

Тұрғын үй қорларында өрттің негізгі шығу себептері мынадай:
-отпен байқамай әрекет қылу (темекі шегу, от жағу және тағы басқа);
-электр жүйесін, электр құралдарын, электр-тұрмыстық құралдарды құрастыру және пайдалану ережелерін бұзу (электрлік жүйелерінің көнеруі, аса көп жұмыстардан қорғау аппараттарының жарамсыздығы, электр жүйелерінің дұрыс қосылмауы, электр-тұрмыстық құралдардың ұзақ жұмыс жасауы, тұрғын үйлерге электр жүйелерін енгізу);
- пештер мен түтіндіктердің дұрыс құрылмауы және пештер мен басқа да жылыту аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы;
-балалардың отпен ойнауы (қараусыз қалған, басқа да сіріңкемен және күн түсетін заттармен ойнауы); 
Өрттің жану белгілерін және өртті анықтаған жағдайдағы іс-әрекет:
- шұғыл «101» телефонына өртке қарсы қызметіне қоңырау шалыңыз;
- өрт болған кезде (тұрғын үйден немесе пәтерден) ғимараттан шығып, өзіңізбен бірге өте қажетті құжаттар мен бағалы заттарды алыңыз;
- өрт туралы көршілеріңізге хабарлаңыз; газ құбырларын өшіріп, электр тоқтарын ажыратыңыз.
Сақтандыру шаралары. Өрттің туындауының алдын алу және адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтап қалу мақсатында келесідей өртке қарсы іс-шараларды қолдану қажет:
-тұрғын үйдегі пештер мен мұржаларды үнемі қарау.
3 айда 1 рет мұржаларды тазарту керек;
- тек зауытта жасалған электр жүйелерін қорғау аппараттарын қолдану;
- үй және құрылыс аймағына іргелес жатқан өртенген қоқыс уақытында тазартылуы тиіс;
-жиһаздарды, терезе жапқыштарды және басқа да жанғыш заттарды пештен 0,5 метрден кем емес ара қашықтықта орналастыру керек;
- әрбір пештің жағу саңылауының алдына 50×70 см кем емес металдық жайма қағуыңыз қажет.
Өрт қауіпсіздік ережесін дұрыс пайдалансаңыз, қайғылы оқиғаларға жол бермейсіз. Отқа абайлықпен қарап, сақ болыңыздар!

Архат ӨКСІКБАЕВ,
аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау майоры.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1121
mod_vvisit_counterКеше1784
mod_vvisit_counterОсы аптада1121
mod_vvisit_counterӨткен аптада13521
mod_vvisit_counterОсы айда12868
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі3990960

Серіктестер