|
Автокөліктің жүру жиілігі мен жылдамдықтарының өсуі жол-көлік оқиғаларының орын алуына, адам өлімі мен материалдық шығынның артуына әкеліп соғады. Автокөліктің пайдалану тиімділігін арттыру, оның қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз етуге тікелей байланысты. Көлікті пайдаланудағы қауіпсіздіктің бірі-оның өртке қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Автокөлікте орын алған өрттің салдары ауыр апаттарға, адам өлімі мен техникалардың істен шығуына
әкеліп соғады. Сондықтан автокөліктеріңізді өрт қауіпсіздігі жағдайын арттыру мақсатында алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықтаңыз. Автокөліктерді апаттардан және өрттерден сақтау мақсатында төмендегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар: 1.Автокөліктердің механизмдер мен тораптарының дұрыс істеуін қадағалаңыз. 2. Гараж бөлмесін жылытуға, жарықтандыруға және көлік қозғалқыштарын қыздыруға ашық от көздерін (от, жалын, сексеуіл шоғы, қыздыру лампалары) сонымен қатар қолдан жасалған электр жылытқыштарын пайдаланбаңыздар. 3. Гараж бөлмелерінде нормадан асатын жанатын сұйықтар мен тез тұтанатын сұйықтарды сақтамаңыздар. 4. Гараж бөлмесінде темекі шекпеңіздер. 5. Өрт оқиғасы болған жағдайда жүргізуші тез арада автокөлікті тоқтатып, қозғалтқышты өшіріп, аккумулятор батареясын ажыратып жолаушыларды қауіпсіз жерге көшіріп, телефон арқылы “101”-ге хабарлап, сол арада өртті алғашқы өрт сөндіру құралдарымен (Өрт сөндіргіш ОП, ОУ, ОПУ) сөндіруге шаралар қолданыңыз. Автокөліктерде орын алған өрттерді талдау нәтижесінде өрттердің шығуына басты себеп: автокөліктердің электр тоқ сымдарының қысқа тұйықталуынан болғандығы анықталды. Егерде автокөліктің электр тоқ жүйесінің ақаулығы байқалған жағдайда оны тез арада жөндеу керек. Автокөліктің электр тоқ жүйесіне зауыттық үлгідегі қорғағыш қондырғысын пайдаланыңыздар.
Ержан ӘБДІРӘЙМОВ, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау капитаны. |