|
«Өрт – тілсіз жау» деп халқымыз тегін айтпаған. Отты пайдаланған кездегі салақтық, ұқыпсыздылықтың нәтижесінде кейбір өкінішті, орны толмас қайғылы жағдайлар орын алып жатады. Мұндай кенеттен кездесетін өкінішті жағдайларды болдырмау үшін отты дұрыс, тиімді, қауіпсіздік жақтарын ескере отырып пайдаланған жөн. Балалардың отпен ойнауы да көбінесе өртке ұшыратады. Жасөспірімдердің отпен айналысуы ата-аналардың
балаларына кез келген нәрсемен ойнауына жол беріп, кезекті тыйым салмағандықтан туады. Арамызда балаларын үйге кілттеп, сіріңкелерді жасырмай, электр қуатымен жұмыс істейтін құралдарды ток көзінен айырмай кететін адамдарда жоқ емес. Ал мұның бәріне үйде қалған сәбилер назар аударады, осының өзі-ақ өртке ұрындырады. Сол себепті отпен ойнау қандай жағдайға ұшырататыны жөнінде балаларға айтып, түсіндіріп отыру ата-ананың міндеті. Кішкентай балалардың отпен айналысуына, үйде жалғыз қалдыруға, оларға дүкеннен пиротехникалық заттарды, темекі, сіріңке алдыруға, жанып жатқан пешті, (котельды), газ плиталарын қарауға жұмсауға тыйым салынады. Балалардың амандығына бәріміз жауаптымыз. Осыны естен шығармайық.
Байзақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі. |