Онлайн газет



ЕТКЕН ЕҢБЕКТІҢ ЖЕМІСІ

Аудан әкімдігінде Байзақ аудандық мәслихатының І, ІІ және ІІІ шақырылымдарының хатшысы болған, ел басқару ісінде өзіндік із қалдырған Тілеуқұл Абдуалиевтің 80 жасқа толуына арналған тағылымды кездесу өтті.
Мерейтойлық басқосуға аудан әкімі Олжас Баққараев, аудандық мәслихат тың төрағасы Бақтияр Ақбаев, аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов, аудандық ардагерлер, Қоғамдық кеңес төрағалары Бердібек Омаров, Қыдырәлі Оралов, әр кезеңдегі депутаттар Жамалбек Есенқұлов, Шаймерден Мырзалиев, аудандық мәслихат аппаратының ардагері, аудандық Билер кеңесінің төрағасы Исағали Сәлімбаев, қалалық мәслихаттың депутаты Гульсун Ешеева және мәслихат депутаттары қатысты.
Жиын барысында мерейтой иесінің ел дамуына сіңірген еңбегі мен қоғам өміріндегі орны кеңінен сөз болды. Аудан әкімі Тілеуқұл Абдуалиевті мерейлі жасымен құттықтап, оның саналы ғұмырын халыққа қызмет етуге арнағанын атап өтті.
– Тілеуқұл аға еңбек жолында әрдайым жауапкершілік пен адалдықты ту етіп, өз ісіне берік азамат ретінде танылды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі мен ел игілігі жолындағы еңбегі айрықша. Өнегелі өмір жолы, елге деген жанашырлығы мен азаматтық болмысы кейінгі буынға үлгі. Халықтың ықыласы мен құрметіне бөленуі – көп жылғы табанды еңбегінің жемісі, – деді аудан әкімі.
Салтанатты кездесуде мерейтой иесіне облыс әкімінің арнайы Құттықтау хаты табысталып, аудан әкімінің атынан құрмет көрсетілді. Құттықтау лебіздерінде Т.Абдуалиевтің ел дамуына, мемлекеттік қызмет пен қоғамдық жұмыстарға сіңірген еңбегі, жастар тәрбиесі мен өңірдің өркендеуіне қосқан үлесі ерекше атап өтілді. Сондай-ақ, оның парасатты болмысы мен адамгершілік қасиеттері кейінгі буынға үлгі екені айтылып, мерейтой иесіне зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілектері жолданды. Қазақы дәстүрге сай иығына шапан жабылып, ізгі тілектер айтылды. Сондай-ақ «Ақниет» кәсіподақ ұйымы төрағасының арнайы құттықтауы мен сый-сияпаты табысталды.
Кездесу барысында аудандық мәслихаттың төрағасы Б.Ақбаев, аудандық ардагерлер, Қоғамдық кеңестердің төрағалары Б.Омаров, Қ.Оралов, әр кезеңдегі депутаттар Ш.Мырзалиев, Ж.Есенқұловтар Тілеуқұл Абдуалиевтің елге сіңірген еңбегі, азаматтық келбеті мен адамгершілік қасиеттері туралы жылы естеліктерімен бөлісті.
Ғұмырын ел мүддесіне арнап, абыройлы қызметімен ел құрметіне бөленген Тілеуқұл Абдуалиев көрсетілген құрмет үшін алғысын білдіріп, жиналған қауымға ізгі ниетін жеткізді.

Жанерке ӘЛТЕН,
«Ауыл жаңалығы».

Обновлено 29.05.2026 11:20
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1107
mod_vvisit_counterКеше1784
mod_vvisit_counterОсы аптада1107
mod_vvisit_counterӨткен аптада13521
mod_vvisit_counterОсы айда12854
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі3990946

Серіктестер