Онлайн газет



КӨКТЕМГІ ЕГІС, ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Аудан бойынша 2026 жылы жалпы 58 248 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланған. Оны дақылдар бойынша таратып айтатын болсақ, 8 813 га күздік бидай егілген, сонымен қатар 12 440 га жаздық арпа, 3 640 га дәндік жүгері, 45 га өзгеде дәнді бұршақты дақылдар, 1100 га майлы дақылдар, 2600 га қант қызылшасы, 452 га картоп, 5 200 га көкөніс, 580 га бақша және 23 378 га мал азықтық дақылдары (330 га сүрлемдік жүгері, 438 га бір жылдық шөптер, 22 610 га көп жылдық шөп).
2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарына 628,1 тонна дизель отынына 77 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өтінім берді. Алайда бөлінген 520,0 тоннаның босату бағасы литріне 281 теңгеден айналды.
Аудан бойынша жеңілдетілген дизель отынын таратушы оператор болып «ТаразVIPСервис» ЖШС бекітілген. Оператордың жанар-жағар май сақтау қоймасы Ботамойнақ ауылдық округінде орналасқан. Аудан аумағында 3 жанар-жағар май құю бекеттері (Қостөбе, Жалғызтөбе, Ботамойнақ ауылдық округтері) бар. Оператор дизель отынын талон түрінде және жанар-жағар май сақтау қоймасынан жанар-жағар май таситын көліктер арқылы шаруаларға кедергісіз босатуда. Операторға 413,6 тонна дизель отыны жеткізіліп, 285 тонна дизель отынын 55 шаруа қожалық алды. Дизель отынын тарату жалғасуда.
Ауданның шаруашылықтары су үнемдеу технологияларын енгізуді қарқынды қолға алып, бұл көлем жылдан жылға артуда. 2025 жылы су үнемдеу технологиясы енгізілген жалпы алқап 9432 гектарды құраса, ағымдағы жылы қосымша 1 238 гектар алқапқа енгізіліп, жалпы 10 670 гектарды құрап отыр. Жоспар 10 600.
Аудан бойынша биылғы жылға барлығы 1 158 бірлік әр түрлі ауыл шаруашылығы техникалары тіркелген. Көктемгі дала жұмыстарына 900 техника қатысты. Жиналған мәліметтер бойынша 527 трактор, 217 соқа, 92 қопсытқыш, 58 дән сепкіш және 6 дана тұқым дәрілегіш көктемгі дала жұмыстарына жұмылдырылды. Ал бұл аталған техникалардың барлығы 100 пайыз жұмысқа қамтылғанын көрсетеді.
2026 жылға ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту жоспары 50 бірлік болып белгіленген. Бүгінгі күнге аудан бойынша 13 шаруашылық жалпы құны 472,8 млн. теңге тұратын 18 жаңа техникалар сатып алды. Олардың 16-сы трактор болса, 2-еуі комбайн. Орындалу көрсеткіші 36%-ды құрап отыр. Жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын алу жалғасуда.
Ауыл шаруашылығы саласын несиелендіру бағдарламалары бойынша ағымдағы жылғы көктемгі дала жұмыстары үшін «Кең дала 2» бағдарламасымен 23 шаруа қожалық жалпы сомасы 865,7 млн. теңге қаражатын алды.
Көктемгі дала жұмыстарының атқарылу барысына келер болсақ, осы аптаға дейін 12485 гектар көктемгі жер жыртылды.
29 915 гектар дақыл егуге жер дайындалып, 12 040 гектар арпа, 3 535 гектар жаңа көпжылдық шөп, 438 гектар біржылдық шөп, 1 100 гектар майлы дақылдар, 452 гектар картоп, 5 200 гектар көкөніс, 3 645 гектар дәндік жүгері, 580 гектар бақша және 2 602 гектар қант қызылшасы егілді. Бұл жерде көктемгі жер жырту, дақыл егуге байланысты жердің дайындалуы алдын-ала 100 пайызға орындалды. Сондай-ақ арпа, көпжылдық шөп, біржылдық шөп, майлы дақылдар, картоп,  дәндік жүгері, қант қызылшасы, көкөніс, бақша егу жұмыстары да жоспарға сай атқарылды.
Міне осылайша көктемгі егіс, дала жұмыстары  ауданымызда өз уақытында, сапалы аяқталды.

Әлібек ҚУАНЫШЕВ,
аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1086
mod_vvisit_counterКеше1784
mod_vvisit_counterОсы аптада1086
mod_vvisit_counterӨткен аптада13521
mod_vvisit_counterОсы айда12833
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі3990925

Серіктестер