|
Ағымдағы жылдың 18 мамыр мен 8 маусым аралығында республика көлемінде «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты акция өткізілуде. Аталған шараның негізгі мақсаты – қоғамда отбасылық – тұрмыстық зорлық – зомбылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайту. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасы құндылықтарын нығайту, қоғамда құқықтық сауаттылықты арттыру және
отбасындағы қауіпсіз ортаны қалыптастыру. Акция барысында тұрғындармен кездесулер, дөңгелек үстел отырыстары, семинар-тренингтер, ақпараттық түсіндіру жұмыстары, құқық қорғау органдары және сала мамандарымен бірлескен қабылдаулар өткізілуде. Сонымен қатар, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға әлеуметтік, психологиялық және заңгерлік көмек көрсету қарастырылған. Отбасы – қоғамның басты тірегі. Әрбір шаңырақта сыйластық, мейірім мен түсіністік болған жағдайда ғана берекелі қоғам қалыптасады. Өкінішке орай, қазіргі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі қоғамда өзекті болып отыр. Зорлық-зомбылықтың кез келген түріне бейжай қарамау маңызды. Әрбір азамат отбасыдағы татулық пен қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарап, қиын жағдайға тап болған жандарға қолдау көрсетуі қажет. Отбасындағы тыныштық пен өзара құрмет – бақытты өмірдің негізі. Сондықтан қоғам болып зорлық-зомбылыққа қарсы тұрып, болашақ ұрпаққа қауіпсіз әрі мейірімді орта қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Нұрахмет ИСКАКОВ, аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің директоры. |