Онлайн газет



ІЗДЕНІМПАЗ ПЕДАГОГ - ЗАМАН ТАЛАБЫ

Сарыкемер ауылындағы “Астана” бөбекжай - бақшасында мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері арасындағы «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» атты аудандық байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл тартысты сайысқа еңбек өтілі мол, ізденімпаз әрі шығармашыл педагогтар қатысып, өздерінің кәсіби біліктіліктерін паш етті.
Білім беру үрдістері мен озық әдістемелерді ортаға салған бұл іс-шараға, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, балабақша меңгерушілері мен тәрбиешілер қатысты.
«Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» республикалық байқауының аудандық кезеңіне он тәрбиеші қатысты. Байқаудың мақсаты - мектепте тәрбие беру мен оқыту жүйесіндегі заманауи тәсілдерді іске асыру үшін озат педагогикалық тәжірибені анықтау, жариялау және қолдау.
Байқау үш бөлімнен тұрады. Бірінші-педагогтың сілтемеде көрсетілген  Е-портфолиосы, екінші - «Заманауи тәрбиеші қандай болуы керек?» тақырыбында 300 сөзден аспайтын эссе жазу, үшінші - кіріктірілген  ұйымдастырылған іс-әрекет  өткізу.


Қорытындылай келе, бас жүлдені «Еркетай» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Манзура Қалдығұлова иеленсе, I дәрежелі диплом Бурыл орта мектебінің жанындағы  «Ботақан» шағын орталығының тәрбиешісі М.Сәтінбековаға табысталды.  II-дәрежелі дипломмен «Астана», «Теремок», «Ерасыл», «Дәулет» бөбекжай-бақшасының тәрбиешілері, ал III дәрежелі дипломмен  «Қарлығаш»,  «Саялы», «Салтанат», «Бөрте» бөбекжай-бақшаларының тәрбиешілері аталып өтті.  Марапаттарды   аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие әдіскері Ботакөз Алимбекова табыстады.
Мектепке дейінгі ұйымның  үздік педагогы республикалық байқауының облыстық кезеңіне қатысу жолдамасын «Еркетай» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Манзура Қалдығұлова жолдама алды. Аудандық білім бөлімінің мамандары мен әдіскерлері «Астана» бөбекжай-бақшасы басшылығына, ұжымына іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін алғыс айтып, ұжымға шығармашылық табыс тіледі.

Бақшагүл МАРАТҚЫЗЫ,
«Ауыл жаңалығы».

Обновлено 29.05.2026 11:05
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1121
mod_vvisit_counterКеше1784
mod_vvisit_counterОсы аптада1121
mod_vvisit_counterӨткен аптада13521
mod_vvisit_counterОсы айда12868
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі3990960

Серіктестер