Онлайн газет



ЖЕМҚОРЛЫҚ – ЕЛ ДАМУЫНА КЕДЕРГІ

Сыбайлас жемқорлық ел дамуына кедергі келтіреді. Өйткені жемқорлықтың қоғам үшін, адамзат үшін келтіретін зияны зор. Қоғамда мұндай кеселдің орнығуы, қалыпты жағдайға айналуына азаматтардың болашаққа деген сенімін әлсіретеді.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алған уақыттан бері сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізіліп келеді. Еліміз тәуелсіз мемлекеттер достастығына кіретін мемлекеттер арасында бірінші болып жемқорлыққа қарсы заң қабылдады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы бұл заң 1998 жылы қабылданып, елдегі ашықтықты қамтамасыз ету, жемқорлыққа тыйым салуды мақсат етті.
Ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында әділетті қоғам әрбір салада жауапкершілік пен парасат бірінші орынға қойылғанда ғана орнығатындығын атап өткен болатын. Қоғамда адалдық, әділеттілік, заң  мен тәртіп қағидаты орныққан кезде жемқорлыққа тосқауыл  қойылмақ. Ол үшін әрбір азамат тәртіпке бағынып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға міндетті.
Ел алдында тұрған басты мақсат - қауіпсіз,  жемқорлықтан таза, әділетті Қазақстанды құру. Ол үшін өсіп келе жатқан  жас толқын бойына кереғар құбылысқа деген төзбеушілікті қалыптастырудың маңызы зор деп білеміз.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес - қоғам алдындағы үлкен жауапкершілікті жүктейтін маңызды міндеттердің бірі. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Руслан Ануарбеков,   
Сазтерек ауылдық округі әкімі аппаратының әскери есеп жүргізуші бас маман.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1098
mod_vvisit_counterКеше1784
mod_vvisit_counterОсы аптада1098
mod_vvisit_counterӨткен аптада13521
mod_vvisit_counterОсы айда12845
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі3990937

Серіктестер