Онлайн газет



МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!

Кеше Сарыкемер ауылындағы №7 орта мектебінде оқу жылының аяқталуына орай “Мектебім, саған мың алғыс!” тақырыбында соңғы қоңырау салтанатты жиын өтті.
Алдымен әсем безендірілген мектеп алдындағы алаңқайға Эльвира Алимкешова мен Венера Карибаева жетекшілік ететін 11 “А”, 11 “Ә”-сыныптарының 24 оқушысы шықты. Олардың арасындағы Аяулым Расылхан “Үздік аттестат” үміткері болса, Азамат Кеңес “Алтын белгі” үміткері. Екі оқушыда әртүрлі деңгейдегі олимпиада, зияткерлік сайысы, аудандық, облыстық тілдер байқауларының жеңімпаздары. Бұлардан басқа 14 екпінді оқушы бар.
Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары  Қуаныш Бүркітәлиев, Сарыкемер ауылдық округінің әкімі Еркін Заурбеков, ата-аналар, 9-сынып оқушылары мен мектепті үздік бітірген оқушыларда қатысты.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінен басталды.
Онда алдымен мектеп бітірушілерді аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Бүркітәлиев құттықтап, алдағы өмір жолдарына сәттілік тіледі. Ұлттық бірыңғай тестті ойдағыдай тапсырып, келешекте жақсы маман болуларына тілек білдірді.


Ал мектеп директоры Гүлмира Есентаева мектептегі жыл ішінде атқарылған жұмыстар, ұстаздар мен оқушылардың қол жеткізген жетістіктеріне тоқталды. Мектеп ұжымы үшін бұл жыл жетістіктерге толы жыл болды. Ұстаздар еңбегіне алғыс білдірді. Ал мектеп бітіруші түлектерге туған еліне адал қызмет етіп, халқымыздың жарқын болашағына үлес қосатын білімді де саналы азамат болуларын тіледі.
Мектептің 3,7-і-сынып оқушылары “Ұстаздарға қошемет”, “Ұстазыма мың алғыс” әндерін орындаса, 1-сынып оқушылары би биледі.
Мектеп түлектері атынан Ағаділ, Оспан, Дамира, Даналар мектептегі күндерінен естелік айтып, ұстаздарына ризашылық білдіріп, олардың үмітін ақтауға күш салатындарын жеткізді.
Мектеп бітіруші Еркеназ Сәбитқызы, Ұлдана Амирова, Аяжан Тұрабай, Қарақат Мәліктер “Қимай тұрмын” әнін өте сәтті орындады.
Оқушылар мектептегі 11 жыл ішінде қоңырау үнін 20 мыңнан аса естіген. Ал бүгінгі соғылғалы отырған қоңыраудың үні ерекше. Ол мектеппен қоштасар, балалық шақтан мектеп белесінен асыратын ерекше үн. Сондықтанда қоңырау соғу құрметі “Үздік аттестатқа” және “Алтын белгіге” үміткер А.Расылхан мен А.Кеңеске және 1-сыныптың екі үздік оқушысына бұйырды.
Салтанатты кеш мектеп бітірушілердің “Бір үйдің баласындай” әнін орындап, мектеп вальсін билеуімен түйінделді.

Сундетулла АБИЛОВ,
“Ауыл жаңалығы”.
Сарыкемер ауылы.

Обновлено 26.05.2026 11:04
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1146
mod_vvisit_counterКеше1784
mod_vvisit_counterОсы аптада1146
mod_vvisit_counterӨткен аптада13521
mod_vvisit_counterОсы айда12893
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі3990985

Серіктестер