|
Сыбайлас жемқорлық – мемлекетің дамуына елеулі кедергі келтіретін, қоғамның тұрақтылығы мен халықтың әл-ауқатына кері әсерін тигізетін қауіпті әлеуметтік құбылыс. Жемқорлықтың салдарынан заң үстемдігі әлсіреп, мемлекеттік органдарға деген халық сенімі төмендейді, әлеуметтік әділеттілік қағидаттары бұзылады. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу-мемлекеттік саясаттың негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады. Жалғызтөбе ауылдық округі аумағында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы
мәдениетті қалыптастыру бағытында жоспарға сәйкес жүйелі түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.Ауыл тұрғындары арасында заң талаптарын түсіндіру, мемлекеттік қызметтерді заң аясында алу құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында ақпараттық-насихаттау іс-шаралары ұйымдастырылуда. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету барысында ашықтық пен жариялылық қағидаттарын сақтау, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын заң талаптарына сәйкес қарау мәселелеріне ерекше назар аударылуда. Халық арасында сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне төзбеушілік қағидатын қалыптастыру бағытында ауылдық округ тұрғындарымен дөңгелек үстел отырыстары мен кездесулер өткізілді. Жемқорлықпен күрес-тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әрбір азамат заң талаптарын қатаң сақтап, қоғамдық әділдік пен адалдық қағидаттарын қолдаған жағдайда ғана жемқорлықсыз қоғам қалыптастыруға болады. Жалғызтөбе ауылдық округінде жыл басынан бері 4 іс-шара өткізілді. Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында заң талаптарына басты назар беріліп кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ ауылдық округі әкімшілігі ғимаратының жалпыға бірдей мемлекеттік қызмет көрсету туралы көрнекі ақпарат құралдары ілінген.Жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдары мен ұсыныс, пікірлеріне арналған жәшік қойылып, тіркеу журналы ашылған. Бүгінгі күнге жәшікке ешқандай да арыз-шағымдар мен ұсыныс, пікірлер түскен жоқ. Жалғызтөбе ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік коммуналдық мекемесінде мемлекеттік қызмет көрсету аясында құқықбұзушылық фактілер анықталған жоқ.
Мейіржан Тайтелиев, Жалғызтөбе ауылдық округінің әкімі. |