|
Отбасы – тұрмыстық қатынастар саласында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, қоғамда отбасының рөлін нығайту мақсатында облыс және Байзақ ауданы аумағында 18 мамыр - 8 маусым аралығында «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты республикалық акциясы өтуде. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты–отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, сондай-ақ
қоғамның назарын отбасылық - тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасына аудару, сыйластық қағидаттарын насихаттау, отбасылық зорлық-зомбылықтың куәгер-балаларын қорғауға және қолдауға ерекше назар аударылады. Зорлық-зомбылыққа азаматтардың құқын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі жатады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық дегеніміз-отбасы тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқа адамға қатысты дене зардабын және психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті. Егер Сіз отбасындағы зорлық – зомбылыққа тап болсаңыз немесе оның куәсі болған жағдайда, тез арада полиция органына хабарласыңыз. Байланыс телефоны: тәулік бойы «102» немесе жедел желі 111, 150 сенім телефондары.
Байзақ АПБ ҚҚб отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобы. |