Онлайн газет



ПАРАСАТТЫ ҚОҒАМ – ҚУАТТЫ МЕМЛЕКЕТ НЕГІЗІ

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын тежейтін және мемлекеттің институционалдық негіздеріне қауіп төндіретін қауіпті кесел. Бұл дертпен тиімді күресу үшін тек заңның қаталдығы мен жазалау шаралары жеткіліксіз. Ең бастысы – әрбір азаматтың санасында жемқорлықтың кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасуы тиіс.
Байзақ ауданында бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі әрі кешенді түрде жүргізіліп келеді. Біз сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған итермелейтін алғышарттарды жоюға басымдық беріп отырмыз.
Біріншіден, мемлекеттік органдардың қызметін ашық әрі айқын ету – жемқорлықтың жолын кесудің ең басты құралы. Ауданда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электронды форматқа көшірілді. Бұл азаматтар мен мемлекеттік қызметшілер арасындағы тікелей байланысты шектеп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай азайтты. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында аудан тұрғындарының өтініштері мен шағымдарына дер кезінде назар аударылып, кері байланыс орнатылуда.
Екіншіден, аудан әкімдігінің дербес бөлімдері мен ауылдық округтерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Бюджет қаражатының жұмсалуы мен мемлекеттік сатып алу процестері жіті бақылауда.
Үшіншіден, парасаттылық құндылықтарын насихаттау жұмыстары мектеп қабырғасынан бастау алуда. Аудан көлеміндегі білім беру ошақтарында «Адал ұрпақ» клубтары жұмыс істейді. Жастар арасында ұйымдастырылатын түрлі форматтағы шаралар жас буынның құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталып отыр. Біз Отанды сүю, мемлекет мүлкіне ұқыпты қарау және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді бала кезден қалыптастыруымыз қажет.
Алайда, бұл жұмыс тек әкімдіктің немесе құқық қорғау органдарының ғана міндеті емес. Бұл – бүкіл қоғамның ортақ ісі. Әрбір аудан тұрғыны бұл мәселеге бейжай қарамауы керек, заңсыз әрекетке тап болғанда үнсіз қалмай, азаматтық белсенділік таныту – нағыз отансүйгіштіктің белгісі.
Түпкі мақсат-сыбайлас жемқорлықтан таза, парасатты қоғам қалыптастыру. Біз Байзақ ауданын ашық, әділ және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму бағытын берік ұстанған аймаққа айналдыруды көздеп отырмыз. Ол үшін бізде барлық мүмкіндік пен саяси ерік-жігер бар. Әрбір мемлекеттік қызметшінің бойында кәсібилік пен адалдық қатар жүруі шарт. Тәртіп пен заң үстемдігі орнаған жерде ғана береке мен даму болады.

Олжас Баққараев,
Байзақ ауданының әкімі.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1140
mod_vvisit_counterКеше1784
mod_vvisit_counterОсы аптада1140
mod_vvisit_counterӨткен аптада13521
mod_vvisit_counterОсы айда12887
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі3990979

Серіктестер