Онлайн газет



«ЖАС ШЕКАРАШЫ» КЛУБЫ АШЫЛДЫ

 

Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беруді мақсат еткен маңызды шара – «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубының салтанатты ашылуы мен ант қабылдау рәсімі өтті. Тағылымы мол жиын жас буынның бойында отансүйгіштік рухты қалыптастырып, мемлекеттік шекараны құрметтеуге баулуға бағытталды.
Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басқарма бастығының орынбасары, бөлім бастығы, полковник Қанат Ыдырышқанов, аталған департаменттің Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасы бастығының орынбасары, полковник Данияр Сарымсақов, «Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Бауыржан Момышұлы атындағы дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған әскери мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Әлішер Әзімбай, аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов, білім бөлімінің басшысы Құралай Өскембекова, Ботамойнақ ауылдық округі  ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Бекбауов, аудандық Ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы Сәкен Сыздықов, Ауған соғысының ардагері Мұрат Құрбанов және аудандық Билер кеңесінің төрағасы Исағали Сәлімбаев қатысты.
Жиында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов жастарды жаңа бастамамен құттықтап, Отан алдындағы жауапкершілік пен азаматтық парыздың маңызын ерекше атап өтті. Сонымен қатар ауданнан шыққан батыр тұлғалардың ерлік жолы кейінгі буынға үлгі екенін айтып, жас шекарашылардың сол даңқты дәстүрді жалғастыратынына сенім білдірді.
Іс-шараның ең әсерлі сәттерінің бірі – мектеп оқушыларының «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубының қатарына қабылданып, салтанатты түрде ант беруі болды. Елге адал қызмет етуге дайын екендіктерін білдірген жас сарбаздар үшін бұл маңызды әрі жауапты кезеңге айналды. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Ертай Сарыбаевтың мәліметінше, клуб құрамына жалпы 84 оқушы қабылданған.


Жиын аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған құжат әскери-патриоттық бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде дамытуға, сондай-ақ жастар тәрбиесіндегі өзара байланысты нығайтуға негіз болмақ.
Мерекелік бағдарлама барысында әскери-патриоттық клубтың әнұраны шырқалып, шекара қызметкерлері қорғану тәсілдері бойынша арнайы көріністер ұсынды. Көрермендер әскери дайындықтың элементтері, шекарашылар қызметінің ерекшеліктерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.
Сондай-ақ шара қатысушылары «Із кесуші» қалашығының ашылу рәсіміне куә болды. Лента қиылып, жас шекарашыларға ақжарма тілектер айтылды. Салтанатты күн соңында қонақтар жаңадан ашылған жас шекарашылар кабинетінің жұмысымен танысты.
«Жас шекарашы» клубының ашылуы – жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеу жолындағы маңызды бастама. Мұндай тағылымды жобалар жастардың бойындағы жауапкершілік пен патриоттық рухты нығайтып, болашақ ел қорғандарын қалыптастыруға негіз болары анық.

Жанерке ӘЛТЕН,
«Ауыл жаңалығы».

Обновлено 25.05.2026 18:41
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1138
mod_vvisit_counterКеше1784
mod_vvisit_counterОсы аптада1138
mod_vvisit_counterӨткен аптада13521
mod_vvisit_counterОсы айда12885
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі3990977

Серіктестер