Онлайн газет



САЯСИ КЕҢЕС БЮРОСЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ

Дүйсенбі күні «Нұр Отан» ХДП аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Оны аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы М.Шүкеев

ашып, жүргізіп отырды.
Жиын қатысушыларының «Нұр Отан» ХДП аудандық партия филиалының ХІ есеп беру-сайлау конференциясын шақыру туралы ұсынысы күн тәртібіне енгізіліп, бюро отырысының регламенті бекітілді.
Бұдан соң күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Тлеповке берілді. Ол «Нұр Отан» ХДП-ның Жарғылық талаптарына сай бастауыш партия ұйымдарының алдында тұрған есеп беру-сайлау жиындарын өткізу мәселелеріне қатысты баяндама жасап, жан-жақты түсініктемелер беріп, мәселеге қатысты туындаған сұрақтарға жауап берді.
Мәселе отырыс қатысушылары тарапынан талқыланған соң ол бойынша: «Нұр Отан» ХДП аудандық партия филиалының ХІ есеп беру-сайлау конференциясы 2012 жылдың 6 қарашасына шақырылып, оның күн тәртібіне төмендегі сұрақтар: «Нұр Отан» ХДП аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің 2011 жылдың қаңтары мен 2012 жылдың қазаны аралығында атқарған жұмысы туралы есебі, аудандық партия филиалы бақылау-тексеру комиссиясының есебі, Саяси кеңес мүшелерін сайлау, бақылау-тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау, аудандық партия филиалының төрағасын сайлау, «Нұр Отан» ХДП Жамбыл облыстық филиалының есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайлау және «Нұр Отан» ХДП аудандық партия филиалының ХІ есеп беру-сайлау конференциясына 25 партия мүшелерінен делегат  өкілдік нормасын белгілеу ұсынылсын деген қаулы қабылданды.
«Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы Саяси кеңесі бюросының кеңейтілген отырысының жұмысына «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Бахыт Отарғалиқызы Төлемісова, аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің, аудандық филиалдың бақылау-тексеру комиссиясының, аудандық мәслихаттың депутаттық фракциясының мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
*     *     *     *     *
Аудандық партия филиалы Саяси кеңесі бюросының кеңейтілген отырысы аяқталысымен семинар-кеңес өз жұмысын бастап кетті. Оның күн тәртібіндегі басты мәселе – партияның аудандық филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыстарын өткізудегі дайындық жұмыстары бойынша аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Н.Тлепов семинар қатысушыларына кеңінен мәлімет берді.
Атап айтқанда, есеп беру-сайлау науқанының «Нұр Отан» ХДП Жарғысының 9.6, 9.8, 9.9 пункттеріне сәйкес партияның барлық бастауыш ұйымдарында өткізілетіндігі, ұйымдастыру мәселелері, өткізілетін жиындардың алдын ала кестесін жасау, оның күн тәртібіне шығарылуы тиіс мәселелер, аудандық, облыстық конференцияларға делегаттар сайлау ережелері сынды басқа да мәселелер нақтыланды.
Семинар-кеңес жұмысына қатысып, қорытынды сөз сөйлеген «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Б.Төлемісова көтерілген мәселелерді қайта пысықтап, толықтырды, туындаған кейбір мәселелер бойынша түсінік берді.
Партияның бастауыш ұйымдарында өткізілуге тиіс есеп беру-сайлау жиналыстарына қатысты және оларды ресмилестіру бойынша қажетті нұсқалық құжаттар аудандық партия филиалы қызметкерлері тарапынан таратылып берілді.

 

 

Өз тілшіміз.

Обновлено 17.10.2012 18:02
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін80
mod_vvisit_counterКеше1480
mod_vvisit_counterОсы аптада4616
mod_vvisit_counterӨткен аптада10842
mod_vvisit_counterОсы айда30309
mod_vvisit_counterӨткен айда32286
mod_vvisit_counterБәрі2680525

Серіктестер