Онлайн газет



Маңызды мәселелер сөз болды

Сот билігі мемлекеттік басқаруда маңызды функцияны жүзеге асырады. Соттың міндеті – адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау дейтін болсақ, осы функциясы аясында сот билігі өзге билік тармақтарымен өзара әрекеттестік тетіктерін

құрады.

Өткен аптада аудандық соттың ғимаратында маңызды мәселені қаузаған жиын болып өтті. «Жаңадан қабылданған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің ережелерін талқылау» тақырыбы бойынша өрбіген семинарға Байзақ аудандық сотының судьялары мен мамандары және Байзақ АІІБ-ның полиция қызметкерлері, аудандық ҚАИ бөлімінің инспекторлары қатысты.
Алғаш болып сөз алған судья Е.Аккулиев, Елбасының тапсырмасына сәйкес дайындалған қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық атқару және әкімшілік құқық бұзушылық Кодекстері 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетіндігін айтып, аталмыш құжаттар халықаралық талаптарға сай азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін тиімді қорғайтын бөлімдермен толықтырылғанын атап өтті. Осыған байланысты жаңадан қабылданған Кодекстің талаптарын қатаң сақтау, әсіресе ішкі істер, ҚАИ бөлімдеріне жүктелер міндет турасында сөз қозғады.
Келесі болып сөзге шыққан судья А.Назаркулов 2014 жылдың шілде айында жаңадан қабылданған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі, ондағы өзгерістер мен толықтырулар, оның басты ережелері жайында егжей-тегжейлі айтып берді. Ал, судья С.Умралиев сотқа келіп түскен әкімшілік істердің дұрыс рәсімделуі керектігін, заң талаптарына сай жұмыс жасаудың маңыздылығын сөз етті.
Семинар қатысушылары күн тәртібіндегі басты мәселеге орай өз ой-пікірлерін ортаға салып,  түсініксіз мән-жайларға байланысты қойған сауалдарына жауап алды.
****
Жуырда аудандық сотта судьялармен Байзақ аудандық ҚАИ бөлімі, ІІБ-нің полиция қызметкерлері және «Қазақтелеком» АҚ-ның өкілдері, Бәйтерек ауылдық округінің мамандарының басын қосқан «Гендерлік саясат – отбасы мен әйелдердің құқықтарын қорғау» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Онда тақырып төңірегінде баяндама жасаған судья А.Назаркулов аталмыш шараның басты мақсатына тоқтала келе, отбасы мен әйелдердің құқықтарын қорғау, Қазақстанның мемлекеттік отбасылық-демографиялық және гендерлік саясатын іске асырудағы жетістіктер, қазіргі заманғы қазақстандық қоғамдағы әйелдердің мәртебесін көтеру, олардың рөлін күшейту мәселелерін алдыға тартты.
Оның сөзіне қарағанда гендірлік саясаттың негізгі қағидаттары ҚР Конституциясымен кепілдік берілген әйелдер мен ерлердің тең құқығы мен еркіндігін белгілейді. Және Қазақстандағы гендерлік саясаттың міндеттеріне әйелдер мен ерлердің билік құрылымдарында теңдестірілген қатысуына қол жеткізу, экономикалық тәуелсіздіктің барлық тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, өз бизнесін дамыту және қызмет бабында ілгерілеу, отбасында құқықтар мен міндеттерді тең жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау, жыныстық белгісі бойынша зорлықтан еркін болу жатқызылады. Осы жөнінде тереңірек түсіндіріп өткен судья А.Назаркулов қазіргі заманғы әйел – үлгілі ана, көшбасшы азаматша, елдегі барлық саяси және әлеуметтік процестердің толыққанды және белсенді қатысушысы болуы керектігін тілге тиек етті.
Соңында дөңгелек үстел қатысушылары гендірлік саясат жөнінде өзара пікір алмасты.

 

Өз тілшіміз.

Обновлено 11.09.2014 09:35
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін297
mod_vvisit_counterКеше993
mod_vvisit_counterОсы аптада297
mod_vvisit_counterӨткен аптада12806
mod_vvisit_counterОсы айда28179
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2279848

Серіктестер