Онлайн газет



Ардагерлер – келелі істердің бел ортасында

Т.Папиев,
аудандық ардагерлер кеңесінің баспасөз хатшысы.

Ата-бабамыздың салт-дәстүрі мен өнегесін жас ұрпаққа жеткізуші, аға буын мен жас ұрпақты жалғаушы асыл қазынамыз — қариялар екендігі рас. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында бақытты қарттық мәселесіне ерекше маңыз беріп, үнемі назарда ұстап отыруы да сондықтан болар.
Дүниеге келер бір рет,
Дария - кеуде тас мүсін.
Құрыштан құйған құдірет,
Қарттарым, аман-саумысың?! – деп келетін өлең жолдары да олардың бойларындағы даналық, ақыл-өсиет, білім мен өнеге секілді қасиеттер өлшеуге келмейтін баға жетпес асыл дүние екендігін аңғартса керек. Бабалар салған жолмен кейінгілерге жөн сілтеп, жол көрсетуді басты мұрат тұтқан Байзақ аудандық ардагерлер кеңесі үнемі келелі істердің бел ортасында жүретінін айта кеткен жөн.
Осы орайда аталмыш кеңес аудан көлемінде орналасқан 18 ауылдық округтермен бірлесе арнайы іс-жоспар түзеп, сол бойынша жұмыстар жүргізуде. Сондай шаралардың бірі жақында Көптерек ауылдық округінің әкімшілік ғимаратында ұйымдастырылған болатын. Аудандағы Көптерек, Тегістік, Ынтымақ елдімекендерінің ауылдық ардагерлер алқасының мүшелері, ауылдағы бастауыш ұйымдардың төрағалары, жалпы ақсақалдар жиылған аймақтық семинар-кеңес өмірлері өнегеге толы, дүниеден озған  асыл азаматтарды еске алумен басталды.
Жиынды ашып, жүргізіп отырған Байзақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.Шәметов жиналудағы негізгі себеп, жастарды тәрбиелеудегі – қариялардың алатын орны жайында әңгіме қозғады. Мұннан кейін сөзге шыққан Көптерек ауылдық округі ардагерлер алқасының төрағасы Б.Ермаханбетов өз округтері бойынша атқарылған ауқымды шараларды ауызға алды. Ауылда есепте тұрған 245 зейнеткер, 7 соғыс мүгедектері мен 24 еңбек ардагерлері қоғамдық түрлі іс-шараларға шама-шарқынша атсалысып келе жатқанын атап өткен Бекжасар Ермаханбетов округте құрылған алқа мүшелерімен таныстырды. Семинарда сонымен қатар, ауылдағы әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылар жөніндегі комиссия төрағасы Ә.Оразов қарияларға құрмет көрсету, демеу болудың маңыздылығын атап өтті. Ал, семинардың келесі бөлімі сұрақ-жауапқа арналғанда, ауыл тұрғыны, ардагер ана Қ.Игілікова ағын су, ауыз су мәселелерінің әлі күнге дейін шешім таппай отырғандығын айтып жеткізсе, кейбіреулер газ мәселесі, ауылға қоғамдық көлік қатынасын реттеу проблемаларын көтерді. Туындаған мәселелерге Көптерек ауылдық округінің әкімі Б.Рысқұлов жауап берді.
Жиында Ынтымақ, Тегістік ауылдық округтері ардагерлер алқасының төрағалары А.Әлмақашов, М.Садырқұлов атқарылған шаралар турасында есеп берді. Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Махамбетов мұндай семинарлар өткізудің пайдасы өте зор екендігін, әсіресе ақсақалдардың бас қосып, болашақ егелері –жас ұрпақққа байланысты өткір мәселелер көтеруі орынды екендігін айтып өтті.
Іс-шараны қорытқан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.Шәметұлы ардагерлер қажымас қайраты, өмірден алған мол тәжірибесі, ақыл-парасатымен кейінгі буын жастарға үлгі-өнеге көрсетуі керектігін, әсіресе Елбасы Жолдауларында  баса айтылып жүрген жастарға патриоттық тәрбие беруде бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Рәш ақсақал Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына дайындықты күшейту мәселесіне де айрықша тоқталды. Семинар соңында осы ауылдың әжелер ансамблі өнерлерін ортаға салып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Обновлено 11.09.2014 09:34
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін278
mod_vvisit_counterКеше993
mod_vvisit_counterОсы аптада278
mod_vvisit_counterӨткен аптада12806
mod_vvisit_counterОсы айда28160
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2279829

Серіктестер