Онлайн газет



Екі жақты сұхбат алаңына айналған кездесу

С.Қалмұратов,
“Ауыл жаңалығы”.

Дамыған кез-келген мемлекет экономикасының негізін қалаушы саланың бірі - шағын және орта кәсіпкерлік саласы екендігі белгілі.
Сондықтанда  кәсіпкерлікті дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып саналады. Бұл өзекті мәселеге Елбасының өзі үлкен мән беріп, үнемі бақылауында ұстап отыруы да тегіннен тегін емес.
мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында көптеген (құқықтық, қаржылық т.б) мүмкіндіктер жасалып жатқандығы мәлім.
Мәселен, елімізде кәсіпкерлік саласына нақты қолдау көрсетуге арналған «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту» қоры құрылып, табысты нәтижелер көрсетуде. Осы мақсатты көздеген бес мемлекеттік бағдарлама қабылданып, жүзеге асырылу үстінде. Сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға және бизнестің билікпен арадағы іс-қимылдарының жаңа моделін құруға басытталған «Жеке кәсіпкерлік туралы» заң қабылданды.
Бұдан басқа да еліміз аумағында кәсіпкерлікті одан әрі дамыту бағытында көптеген шаралар қабылданып жатқаны белгілі. Дегенмен, кәсіпкер қауымының алдынан көлденең шыға келетін сан түрлі кедергілердің де шаш етектен екендігі жасырын емес.
Міне осындай олқылықтардың орнын толтыру мақсатында облыс басшысының тапсырмасымен құрылған арнайы жұмыс тобы облыстың барлық аудандарында болып, жергілікті кәсіпкерлер қауымымен кездесіп, олардың проблемалық мәселелеріне құлақ асумен қатар, кездесу қатысушыларына бүгінгі таңда қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалардың негізгі көздеген мақсаты, оларға қатысу ережелері, тәртібі жайында түсінік беру, насихаттау жұмыстарын жүргізіп жүргендігі белгілі.
Өткен дүйсенбіде облыс әкімінің орынбасары Халижан Серікұлы бастаған аталмыш жұмыс тобы, құрамында мемлекеттік органдар, облыс аумағындағы 2-ші деңгейдегі банк және басқа да түрлі қаржы институттарының, облыстық және аудандық кәсіпкерлер палаталарының өкілдері бар азаматтар Байзақ ауданында болып, кәсіпкерлермен кездесті.
Жиын жұмысын ашып, аталмыш жұмыс тобының негізгі мақсаты, оны өткізу форматы, сонымен қатар аудан  аумағында бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар, атап айтқанда «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму», «Бизнестің  жол картасы-2020» бағдарламаларының жүзеге асырылу барысы, егін және мал шаруашылығы салаларын субсидиялаудың орындалуы, жұмыспен қамту, несиелендіру мәселелері жайында жиын қатысушыларына мәлімет берген аудан басшысы М.Шүкеев сөз  кезегін облыс әкімінің орынбасары Х.Абдраимовқа берді.
Халижан Серікұлының кіріспе сөзінен соң мінбеге көтерілген облысымыз бойынша «Цесна Банк» АҚ-ның директоры  Ғалымжан Доланбеков, АгроНесие Корпорациясы” АҚ-ның Жамбыл өкілдігінің бөлім басшысы Алмас Омаров, облыс бойынша «Банк Центр Кредит» АҚ-ның директоры Қарлығаш Аралбекова, облыс әкімдігінің ауыл  шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қасымхан Әбілековтер  күн тәртібіндегі мәселенің басты проблемасы – кәсіпкер азаматтарды белгілі мемлекеттік бағдарламалар бойынша несиелендірудің (қаржыландырудың), ауыл шаруашылығы өнімдерін субсидиялаудың тәртіптері, оның ішінде екіжақтық қарым-қатынас, олардың құқықтары мен міндеттері, шарттары, проценттік ставкалары, қоғам алдындағы банктердің рөлі, ұстанып отырған саясаты, банк қызметкерлеріне жүктелген жауапкершілік, тағысын-тағылар әңгіме арқауына айналды.
Пікір алмасу барысында тыңдаушылардың туындаған сұрақтарын қоюға толық мүмкіндік берілді, яғни мәжілістер залы шынайы сұхбат алаңына айналып, сан түрлі сұрақтар қойылып, олардың бірқатары нақты жауабын алып жатса, енді біреулері қосымша анықтауды, зерттеуді қажет ететіндіктен, кезедсеу соңына қалдырылып жатты.
Кәсіпкерлер және шаруа қауымы тарыпынан қойылған сұрақтардың басым бөлігі бизнес жобаларын қаржыландыру, жеңілдетілген несиеге қол жеткізу мәселелері төңірегінде өрбіді. Мәселен, олардың қатырында –«Алынған несиеге “каникул” алуға бола ма?; Биыл аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы берілетін шағын несиеге қол жеткізе алмаған азаматтардың тізімдегі кезегі келесі жылы сақтала ма?; Несие алар кезінде жетпеген кепілдік мүлікке мемлекет тарапынан («Даму» қоры арқылы) кепілдік алу мүмкін бе?; Бизнесін жаңадан ашқалы отырған кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетіледі?; Өзге банктерде алған несиең бола тұра тағы да қосымша қаржы алуға бола ма?; Зейнеткер азаматтарға несие беріле ме?; Осыдан бірнеше жыл бұрын отырғызылған алма бақ алқабына қажетті инфрақұрылым нысандарын жүргізуге қолдау көрсету сынды сұраныстар мен сұрақтар қойылып, олардың әр бірі бойынша банк, қаржылық структуралар немесе мемлекеттік орган өкілдері тарапынан тұщымды жауаптар беріліп жатты.
Алқалы жиын жұмысын қорытқан аудан әкімі Мұратхан Жүнісәліұлы арнайы келген жұмыс тобына жиналғандар атынан алғыс айтып, сәттілік тіледі.

Обновлено 09.09.2014 09:39
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін278
mod_vvisit_counterКеше993
mod_vvisit_counterОсы аптада278
mod_vvisit_counterӨткен аптада12806
mod_vvisit_counterОсы айда28160
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2279829

Серіктестер