Онлайн газет



Аудан бюджеті нақтыланды

Кеше жұма күні болып өткен бесінші сайланған Байзақ аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХХІІІ сессиясы аудан әкімінің ұсыныс хатының негізінде шақырылып, онда ауданның 2014-2016 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу туралы мәселе депутаттар талқылауына түсті.
Сессия күн тәртібіндегі сұрақ бойынша, яғни аудандық бюджетті нақтылауға негіз болып отырған мәселеге қатысты аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы Д.Жақыпбеков хабарлама жасады.
Негізінен аталмыш мәселе аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында жан-жақты талқыланған болатын. Дегенмен бірқатар депутаттар тарапынан баяндамашыға аудан елдімекендерін ауызсумен қамтамасыз ету, жарықтандыру мәселелеріне қатысты сұрақтар қойылды.
Бұл өзекі мәселелердің туындау себептері бойынша аудан әкімінің орынбасары Ә.Қилыбаев қосымша түсінік берді.
Депутаттар ұсынылған жоба негізінде бірауыздан тұтасымен шешім қабылдады.
№13 Сейфуллин сайлау округінен депутат А.Үкібаевтың төрағалығымен өткен аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІІІ сессиясының жұмысына аудан әкімі М.Шүкеев, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мекемелердің, әкімдіктің бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін217
mod_vvisit_counterКеше993
mod_vvisit_counterОсы аптада11469
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда28099
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2279768

Серіктестер