Онлайн газет



Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Жуырда, аудан әкімдігінің кезекті мәжілісінде   білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындық барысы қаралды.
Аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары, сала мамандары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан жиында аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы   Зәуре Дузенованың

баяндамасы тыңдалды. Зәуре Исақызы білім бөлімі тарапынан білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындық барысы моноторинг жүргізу арқылы тұрақты бақылауға алынғанын жеткізіп, слайд арқылы атқарылған жұмыстарға тоқталды.
– Жаңа оқу жылында ауданда 44 мектеп жұмыс істемек. Өткен оқу жылымен салыстырғанда мектептер саны өзгеріссіз қалды. 2014-2015 оқу жылында аудан мектептерінде 16440 оқушы оқиды деп күтілуде,-деп бастады өз сөзін бөлім басшысы.
Аудан әкімдігінің тікелей қолдауымен білім беру ұйымдарын күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізуге бөлінетін қаражат көлемі жыл сайын артып келеді. Ағымдағы  жылы өңірлерді дамытудың бірінші бағыты «Жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша екі білім беру нысанын (Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі мен аудандық балалар көркем сурет мектебін) күрделі жөндеуге республикалық және жергілікті бюджеттен 77 млн. 840 мың теңге бөлініпті. Мердігерлер-«А.Е.М» және «Абан құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері күрделі жөндеу жұмыстарын толықтай орындаған.                        
Үстіміздегі  жылы бұдан өзге ағымдағы жөндеу жұмыстарына 75 млн. теңге қарастырылыпты. Атап айтқанда, Гоголь атындағы орта мектептің асханасын жабдықтауға -2 млн. 231 мың 240 теңге, шатырын жөндеуге – 4 млн. 703 мың 507 теңге, Жамбыл атындағы орта мектептің ауласын жөндеуге – 7 млн. 826 мың 051 теңге, ғимаратына – 4 млн. 894 мың 860 теңге, терезелеріне 4 млн. 932 мың теңге бөлінген. Сондай-ақ  Ақшолақ орта мектебінің жылу жүйесіне – 1 млн. 502 мың 260 теңге, Жаңасаз бастауыш мектебіне – 3 млн. 812 мың 370 теңге, Қарасу орта мектебінің шатырына – 1 млн. 200 мың теңге, Н.Ақшабаев атындағы орта мектептің еденін жөндеуге – 1 млн. 984 мың 450 теңге, Диқан орта мектебінің ғимаратына – 1млн. 961мың теңге, Ботамойнақ бастауыш мектебінің ғимаратына – 1млн. 909 мың 920 теңге, С.Сейфуллин орта мектебінің ғимаратына – 4 млн. теңге, «Дариға апа» балабақшасының ағымдағы жөндеу жұмыстарына – 4 млн. 885 мың теңге қаралған.
Білім мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы аудандық білім бөлімінің ерекше бақылауында тұрған – ең басты мәселе болғандықтан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 30 желтоқсандағы № 1684 Қаулысымен бекітілген «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық» санитарлық ереже талаптарының сақталу деңгейін анықтау мақсатында білім беру мекемелерінде жаңа оқу жылына дайындықтары зерделеніпті.Білім беру мекемелерінде ағымдағы, күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуі, ауыз сумен қамтамасыз етілуі, көмірханалар мен қазандықтардың қыс мезгіліне дайындығы, ас блогының дайындығы, өрт сөндіргіш құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі, дауыстық дабыл қаққыштардың жұмыстары қаралып, мекемелердің оқу жылына дайындығы барысында шешімін күткен мәселелер мен бірқатар кемшіліктер орын алғаны анықталған.
Осылайша орын алған кемшіліктерді тізбектеп берген баяндамашы, бүгінгі таңда сол олқылықтарды жою бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарға, зерделеу барысында шешімін күткен өзекті мәселелерге де жан-жақты тоқталып өтті. Аудан аумағында апатты жағдайда тұрған білім беру мекемелерінің жоқтығын алға тарта отырып, Мырзатай және Берікқара орта мектептерінде апатты жағдайдың алдын алу шаралары жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.
Сонымен қатар, Зәуре Дузенова бүгінде аралас тілде оқытатын үш бірдей орта мектепте (Түймекент, С.Абланов, Қостөбе) оқу орындарының тапшылығына байланысты оқу үрдісін үш ауысымда жүргізу қаупі барын, оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету мақсатында республикалық, жергілікті бюджеттен қарастырылған қаражат көлемі, оның орындалуы, жалпыға бірдей білім беру қоры, оқушыларды тамақтандыру, тасымалдау, мектеп жасындағы балаларды оқумен қамту, «Мектепке жол» акциясының өткізілу барысы, кадрлармен қамтамасыз ету, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, мемлекеттік жекеменшік серіктестік балабақшаның ашылуы, өртке қарсы қамсыздандыру мәселелеріне жеке-жеке тоқталды. Сондай-ақ ең өзекті деген мәселелерді де ортаға салды. Оның ішінде, аудан бойынша 11 білім беру ордасында асхананың жоқтығы, 17 орта мектепте спорт залдары мен жоғарыда айтып өткендей үш мектептегі орын тапшылығы, екі мектептегі кабинет жетіспеушілігі мәселелеріне ерекше назар аударды.
Баяндама аяқталған соң жарыссөзге шыққан «Ақбота» балабақшасының меңгерушісі А.Оразбекова мен Ы.Алтынсарин орта мектебінің директоры Т.Мамасеріковтер өз салалары бойынша есеп берді.
Мәжілістің күн тәртібіне шығарылған басқа да мәселелер ретімен қаралып, оның әрбірі бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
Алқалы жиынды қорытындылаған аудан басшысы көтерілген мәселелерге қатысты тиісті мекеме, бөлім басшыларына тапсырма жүктеп, жиынды қорытындылады.

 

Обновлено 09.09.2014 09:37
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1616
mod_vvisit_counterКеше1554
mod_vvisit_counterОсы аптада1616
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда18246
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2269915

Серіктестер