Онлайн газет



“Мектепке жол” - сауабы мол ІС

Г.Сметова,
Түймекент орта мектебінің әлеуметтік педагогы.

“Жақсылық жерде қалмайды” деп халқымыз тегіннен-тегін айтпаған. Мұқтаж жандарға мүмкіндігінше қол ұшын беру - әрбіріміздің азаматтық борышымыз. Осы ретте, республикалық “Мектепке жол” акциясының сауабы мол. “Балаға мейірім сыйла!” үндеуімен Түймекент орта мектебінде өткен қайырымдылық іс-шарасында да аз қамтамасыз етілген отбасылардың балалары сый-сияпатқа қарқ болып қалды. Мектептің әлеуметтік педагогтарының мұрындық болуымен өткерілген іс-шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген ауылдық округтің әкімі Б.Әлсейітов қайырымдылық жасау қанымызға сіңген қасиет екендігіне тоқтала отырып, мұндайда акцияның қосар үлесі зор екендігін атап өтті.
Қайырымдылық шарасы мектеп оқушыларына сыйлықтар үлестірумен жалғасын тапты. Түймекент орта мектебінің директоры Ш.Қапарова 3-сынып оқушысы А.Абдықадырқызына мектеп формасын тарту етсе, осы білім ошағының ардагер ұстаздары О.Бозай, С.Мамырбаев, К.Ақназаров, Л.Алсейітов, ауыл тұрғыны М.Халиллаев және имам Л.Бүтінбаев “Достық-99 шаруа” қожалығының басшысы Б.Битабаров, жеке кәсіпкер М.Бейбітовтер акцияға қолдауларын көрсетіп, ақшалай үлестерін қосты.
Игі шараға мектеп мұғалімдері де атсалысты. Айталық математика пәнінің мұғалімі Б.Құдайбергенова 7-сынып оқушысы Е.Жұмабаевқа қыстық жылы киімдер, ал, жалпы осы ұжымның ұстаздары үйде оқытылатын 10 оқушыға, қосымша 2 оқушыға оқу құралдарын, 8 оқушыға мектеп формасы мен спорттық киімдер алып берді.

*  *  *  *  *
Ә.Аюбекова,
С.Сейфуллин орта мектебінің әлеуметтік педагогы.

«Балаға мейірім сыйла!» үндеуімен ауданымыздағы С.Сейфуллин орта мектебінде де “Мектепке жол” акциясы бойынша қамқорлықты қажет ететін, аз қамтылған және көп балалы отбасыдан шыққан мектеп оқушыларына көмек көрсету мақсатында ауылдың ілкімді азаматтарына, көршілес жатқан «Ақжар» әскери бөліміне үндеу хат жіберілді. Ұстаздар мен ата-аналардың көмегімен кезекшілік ұйымдастырылып, кезекшілікке 16 азамат тартылды. Соның нәтижесінде 3-сынып оқушысы Б.Жамалбекке, 4-сынып оқушысы А.Жақсылыққа, 5-сынып оқушысы Н.Лесбековаға, сондай-ақ демеушілер есебінен екі оқушы - Қ.Қалыбай мен Ш.Жүрінбаеваға көмек көрсетілді. Акция аясындағы іс-шаралар алдағы уақытта өз жалғасын таба беретін болады.

*  *  *  *  *
В.Тасбауова,
штаттан тыс тілші.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) “Адамның жақсысы - өзгелерге пайдасын тигізгендері” деген. Шындығында да ислам діні ізгі істерге үндейді. Солай демекші, елімізде ерекше қолдауға ие болған “Мектепке жол” акциясы негізіндегі  шаралар Қарасу орта мектебінде де көрініс тапты. Мектептің әлеуметтік педагогы Г.Толыбаеваның мұрындық болуымен өткерілген жиында сөз сөйлеген мектеп директоры Ж.Абдуалиев барлық бала бақытты болу үшін жаралатындығын, сондықтан ұл-қыздарымызға үнемі қамқор болу, оларға қуаныш сыйлаудың мән-маңызын әңгіме қылды. Айтулы шарада  аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасынан шыққан барлығы 10 оқушыға қолдау көрсетілді. Қайырымдылқ акцияларында  жомарттық танытып, үнемі өз демеулерін беріп жүретін азаматтар М.Абиев, М.Бұралхиев, А.Найзабеков, А.Абиев және мешіт имамы Ж.Мәуібаев, өзге де жеке кәсіпкерлер балғындарға оқуға қажетті құрал-саймандар  мен мектеп киімдерін тарту етті.
Айтулы акцияға атсалысқандардың тізімінде Т.Ақбозов орта мектебінің ұжымы да бар. Мектеп директоры М.Бақтыбаева бастаған, білім ошағының ұжымы 9 балаға қолдауларын білдірсе, “Балаларға мейірім сыйлайық” ұранына А.Суханбаев атындағы орта мектебі де үн қосты. Ауылдық округ әкімі М.Өзбеков, мектеп директоры Э.Шолпанқұлова, ауыл ақсақалдары мен Суханбаев ауылдық округінің амбулатория ұжымы мұндағы 11 балаға киім-кешек, спорттық бұйымдар, оқу құралдарын әперді. Жаңа оқу жылы қарсаңында өткен аталмыш іс-шара барысында ауылдың қазыналы қариялары Ә.Қосыбаев, Н.Мәдібаев үлкенге ізет, кішіге қамқорлық таныту, жетім-жесірге жебеу болу жайында мағыналы әңгімелер айтса, мектептің мұғалімдері Ата Заңымыз -Конституцияның 19 жылдығының құрметіне орай тағылымды ашық сабақтарын өткерді.

Обновлено 09.09.2014 09:31
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін590
mod_vvisit_counterКеше1554
mod_vvisit_counterОсы аптада590
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда17220
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2268889

Серіктестер