Онлайн газет



Мектепке Әзімбек есімін беру лайықты шешім

А.Халықов.
Тегістік ауылының тұрғыны.

Ауданымыздағы Темірбек ауылдық округі үш ауылдан (Тегістік, Сарыбарақ, Шахан) тұрады. Осы үш ауылда бір 9 жылдық, екі 11 жылдық білім ордасы болса, ішіндегі көз тартарлығы Тегістік ауылында орналасқан орта мектеп. Сол үш қабатты білім ордасы сонау 1971 жылы пайдалануға берілген. Міне, содан бері қызыл империяның командирі В.И.Чапаевтың атын иеленіп келе жатыр. Иә, рас заманында В.И.Чапаев соғыста ерлігімен көзге түскен тұлға болған шығар, алайда қазіргі жастар, соның ішінде осы мектепте оқитын оқушылардың басым бөлігі оның кім болғанын, қандай еңбегі барын білмейтіндігі жасырын емес. Ұл-қыздарымыз ұқыптап дәптерлерінің сыртқы мұқабасына “Чапаев атындағы орта мектебінің оқушысы” деп жазып жүргенімен, оның дәл осы ауылға немесе елімізге сіңірген  қызметі қандай деген ойға қалады. Сондықтан да менің айтарым, бұл мектептің атын өзгертетін уақыт келген сияқты.
Ендігі мәселе мектебімізге кімнің атын бергеніміз жөн деген сұрақ? Ауданымызда ірі тұлғалар: Абай, Жамбыл, Алтынсарин, Әуезов т.б. атындағы мектептер бар екені баршаға аян. Ендеше өз ауылымызда туып - өскен, осы білім ошағынан түлеп ұшқан, алты алаштың аяулы азаматы, Ауған соғысының ардагері, ақиық ақын Әзімбек Жанқұлиевтің атын неге бермеске? Облысымыз ардақтап ақындар айтысын ұйымдастырып, ауданымыз қадірлеп көшеге есімін беріп жатқанда, туған ауылындағы білім ошағының есімін Әзімбекке беру оңды шешім деп ойлаймын. “Ақынын ардақтаған ел азбайды” демекші, елім, жерім деп жырлап кеткен тау тұлғалы азамат мұндай құрметке әбден лайық деп ойлаймын.
Мен он ойланып, мәселенің толғағы жеткенін жаздым. Көкірегі ояу, өресі кең оқырман қауым сіздер не дейсіздер?!

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін785
mod_vvisit_counterКеше1554
mod_vvisit_counterОсы аптада785
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда17415
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2269084

Серіктестер