Онлайн газет



МЕРЕКЕДЕ – АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

30 тамыз - Ата Заңымыздың қабылданғанына 19 жыл толуына орай, аудан орталығы Сарыкемер ауылының орталық алаңында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Онда  аудан тұрғындары өңіріміз аумағындағы шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер өндірген азық-түлік тауарларын арзан бағамен сатып алуларына мүмкіндік жасалды.
–Бұл жәрмеңке Қазақстан  Республикасының Конституциясы күніне байланысты ұйымдастырылған шаралардың бірі-деді аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Болат Сағынбеков. –Бұл күнгі жәрмеңкеде азық-түлік тауарлары базар бағасынан әлдеқайда төмен бағаға сатылды.
Жәрмеңкені аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Мұратхан Шүкеев аралап көріп, ет, сүт, көкөніс өнімдерінің бағасымен танысты.
Жәрмеңкеге келушілер қой етін -950 теңгеден, қиярды-30, картопты-50, қызанақты-90, сүтті-80, қаймақты -630, бидайды-35 теңгеден сатып алып жатты.
Бұл күні жәрмеңкеге аудан аумағындағы барлық ауылдық округтер белсене атсалысты. Осы күні, атап айтқанда, ауыл шаруашылық өнімдерінің ішінде, 600 келі сиыр еті, 700 келі жылқы еті, 320 келіден астам қой еті, 1,5 тоннаға жуық сүт өнімдері, 1 тонна макарон өнімдері, жарты тонна шұжық, үш мың данадан астам жұмыртқа, алты тоннадан астам арпа, бидай сатылымға шығарылды. Сондай-ақ көкөніс түрлерінен, 3,5 тонна қауын-қарбыз, 2,5 тоннаға жуық пияз, 2 тонна картоп, екі тоннадан астам қызанақ, әрқайсысы 1,5 тоннадан қияр, қырыққабат, тәтті бұрыш өнімдері де саудаланды. 
Аудан әкімдігі ветеринария бөлімінің басшысы Қ.Оралов бастаған мал дәрігерлері өздерінің жылжымалы зертханаларымен мал еттері мен сүт өнімдерін тексеруден өткізіп, өз қызметтерін мінсіз атқарды.
Есентай Үсіпбаев, «Есберген Бақ» шаруа қожалығының жетекшісі, Темірбек ауылдық округі:
-Бүгінгі ұйымдастырылып жатқан жәрмеңкеге алты қой мен бір ешкі малының етін, бір тоннаға жуық қауын мен қарбыз, бір қап дүмбіл және 35 литр шұбат өнімдерін әкеліп, саудаладық. Осындай жәрмеңкелер жиі өткізіліп тұрса, біз секілді шаруа қауымға тиімді болар еді-деген ұсыныс, тілегін жеткізді. 
Жәрмеңкеде тауар өндірушілер жалпы бірнеше миллион теңгенің өнімін сатып, аудан тұрғындарын да, өздерін де пайдаға кенелтті.
*     *     *
Сонымен қатар, аталмыш мереке күні аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің мұрындық болуымен орталық алаңда асық ату, арқан тарту, шахмат және дойбы түрлерінен спорттық көпшілік ойындар ұйымдастырылды.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан тағайындалған марапаттарға ие болды.

Обновлено 04.09.2014 17:47
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін450
mod_vvisit_counterКеше1554
mod_vvisit_counterОсы аптада450
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда17080
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2268749

Серіктестер