Онлайн газет



Қоғамдық қабылдау- халық пен билік арасындағы алтын көпір

М.Шалғынбай,
«Ауыл жаңалығы».

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау қызметі партия құрылған уақыттан бері өзіне жүктелген міндеттерін абыроймен атқарып келеді. Мұнда келген тұрғындар  өздерінің әлеуметтік, құқықтық, түйінді жеке мәселелері туралы айтып, партиядан қолдау күтіп, көмек сұрайды. Алғашқы уақыттарда қоғамдық қабылдауды партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары мен партияның аудандық мәслихаттағы депутаттары өткізетін. Халықтың мұң-мұқтажын тиісті орындарға жеткізіп, оның оң шешілуіне де осы депутаттар ықпал ететін. Бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижесі де аз болған жоқ, әрине. Мәселен, соңғы үш жылда қоғамдық қабылдауға келушілердің де, шешілген мәселелердің де саны арта түскен. Бұл партияға деген халықтың сенімінің арта түскенін дәлелдесе керек.
Өткен жылы, «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХV съезінен соң, партия жұмысында бірқатар жаңғыртулар жүзеге асырылып, нәтижесінде қоғамдық қабылдау қызметі де жандана түсті. Арнайы қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылып, бұрын айына 3-4 рет өткізілетін қоғамдық қабылдау енді айына 8 рет өткізіле бастады. Мәселен, әр аптаның дүйсенбісінде депутаттар қабылдаса, әр аптаның сәрсенбісінде аудандық соттың төрағасы, аудан прокуроры, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, т.б. қоғамдық қабылдаулар өткізіледі. Бұл тұрғындар мен басшылар арасында тікелей байланыс орнауына жол ашты. Сондай-ақ, қоғамдық қабылдауды бұрынғыдай депутаттар мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары ғана емес, мемлекеттік, құқық қорғау органдарының басшылары да өткізетіні бұл бағыттағы жұмыстың жандана түсуіне сеп болды.
Жуырда, аптаның сейсенбісі күні, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бағытында азаматтарды бірыңғай қабылдау республикалық акциясы аясында кезекті қоғамдық қабылдау  болып өтті. Аталмыш қоғамдық қабылдауға аудандық партия филиалының маманы Ә.Мырзабеков, филиалдың сектор меңгерушісі Қ.Кусемисов және аудан әкімдігі жұмыспен қамту орталығының маманы Н.Ержановтар қатысып, аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген аудан тұрғындары, атап айтқанда И.Монтыбаев пен Т.Жетібаевтар мемлекеттік «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша несие алу жолдары жөнінде кеңестер алса, А.Науатбекова, Ж.Кереева, Д.Сауранов, Н.Серікбаевтар «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша өз сауалдарын жолдады. Қабылдауға қатысушылардың сұрақтарына аудандық партия филиалының маманы Ә.Мырзабеков кеңінен жауаптар қайтарып, «Сәтті қадам» партиялық жобасы туралы түсінік берді.
*     *     *     *     *
Сондай-ақ осы күні Қазақстанның 40-жылдығы атындағы орта мектебінде “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалының қызметкерлері мектеп директоры бастаған бір топ партия мүшелеріне жаңа нұсқадағы партия билеттерін салтанатты түрде табыс етті.
Иә, қазіргі таңда аудан тұрғындарының партияға деген сенімі арта түсті деуге әбден болады. Бұл – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев төрағалық ететін партияның халықпен бірге болып, нақты жұмыстарды атқаруының, елдің мұңын мұңдап, халықтың мүддесін шынайы қорғай білуінің нәтижесінде қол жеткізген жетістік.

Обновлено 04.09.2014 17:39
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1672
mod_vvisit_counterКеше1554
mod_vvisit_counterОсы аптада1672
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда18302
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2269971

Серіктестер