Онлайн газет



ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІМЕН ҚҰНДЫ

Өткен аптада аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Оны аудан әкімі Олжас Баққараев ашып, жүргізіп отырды.
Отырыста ”2025 жылы және 2026 жылдың осы кезеңіне дейін құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы” аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Әлімхан Қарымсақов баяндады.
Баяндамашы 2025 жылы ауданда 200 қылмыс тіркеліп, олардың саны 2024 жылмен салыстырғанда 8,3 пайыз төмендеп, ашылуы 67,8 пайызды құрағандығын атап өтті. Қоғам қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіріп отырған өзекті мәселелердің бірі-алаяқтық және интернет-алаяқтық қылмыстары екендігін, интернет-алаяқтық бойынша тіркелуі 2025 жылмен салыстырғанда 11 дерекке артып, ашылуы 43,8 пайыздан 80,0 пайызға өскендігін, осы қылмыс құрбандары негізінен - зейнеткерлер екендігіне тоқталды.
Баяндамашының сөзінен соң Олжас Елебекұлы бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатқандығын сұрады.
-Аудан аумағында интернет-алаяқтық қылмыстардың алдын алу мақсатында 6 профилактикалық іс-шара өткізілді. Халық көп жиналатын жерлерде, қызметтік автокөліктердің дауыстық құрылғылары арқылы ескертулер, брифинг, жадынамалар тарату жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Инстаграм парақшасына 248 ақпарат пен жадынамалар салынды. Бұқаралық ақпарат құралдарында 12 мақала жарық көрді. Қоғамдық орындарда 1800-ден астам жадынама таратылып, ондағы ақпаратта интернет-алаяқтардан қорғану жолдары көрсетілді,-деді полиция басшысы.
Әрмен қарай  Әлімхан  Айдарханұлы өткен жылы кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 210 (оның 155-і мектепішілік), биылғы жылдың үш айында 70 рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылғандығын, оның 38-мектепішілік рейд екендігін тілге тиек етті.  2026  жылдың  есептік кезеңіне дейін 33 қылмыс тіркеліп, оның саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 45,0 пайызға төмендеп, ашылуы 76,5 пайызды (2026 жылы 66,7 пайыз),  интернет-алаяқтық бойынша тіркелуі 11-ден 3-дерекке төмендеп, ашылуы 100 пайызды (2025 жылы 80,0 пайыз) құрағандығын жеткізді. 2026 жылы аудан аумағында орналасқан тас жолдарында орын алған жол-көлік оқиғалары мен білім беру мекемелерін бейнебақылау камераларымен қамту, қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыру барысына екпін салды.


Одан соң “Бұрын сотты болғандардың қылмысқа қайта баруының алдын алу және бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан азаматтарды оңалту мен әлеуметтік бейімдеу және қолдау шаралары туралы” аудандық пробация қызметінің бастығы Нұрсұлтан Сайранбаевтың, “Қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында азаматтық қоғам институттарымен  бірлесіп жүргізілген профилактикалық іс-шаралар туралы” аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Айбек Ажибаевтың,  “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жөнінде” Көктал ауылы әкімінің міндетін атқарушы Жасұлан Мамытбаевтың баяндамалары тыңдалды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелерге қатысты комиссия мүшелері тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.
- Аудан аумағында заңдылық пен тәртіпті, азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында жұмыстар атқарылуда. Әсіресе жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу  мақсатында өтіп жатқан түнгі рейдтер мен профилактикалық іс-шаралардың санына емес сапасына, нәтижесіне көңіл бөліңіздер,- деп атап өтті Олжас Елебекұлы.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі О.Баққараев көтерілген барлық мәселелер бойынша жұмыстарды сапалы ұйымдастырып, ұсынылған шаралардың орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 07.04.2026 11:22
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін515
mod_vvisit_counterКеше4434
mod_vvisit_counterОсы аптада27898
mod_vvisit_counterӨткен аптада31090
mod_vvisit_counterОсы айда50198
mod_vvisit_counterӨткен айда119195
mod_vvisit_counterБәрі3820476

Серіктестер