Онлайн газет



20 ТҮП ТУЯ, 130 ТҮП ҚАРАҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Тал егу - халқымыздың ежелден келе жатқан игі дәстүрлерінің бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму – еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған мәселе ретінде атап өтіп, бес жыл ішінде орман алқабында 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызу қажеттігін атап өтті.
Өткен аптаның сенбісінде  аудан орталығындағы “Демалыс саябағында” тал егу шаралары ұйымдастырылды. Айтулы шараға аудан әкімі Олжас Баққараев, аудандық мәслихат төрағасы Бақтияр Ақбаев, аудан әкімдігіне қарасты бөлім басшылары  қатысты.
Аудан басшысы Олжас Елебекұлы көпшілікпен бірге тал егу жұмысына қатысты. Сенбілік аясында 20 түп туя және 130 түп қарағаш отырғызылды.
Бұл күні  тал егу жұмыстарынан бөлек, аудан орталығындағы барлық мекеме, ұйымдар, кәсіпорындар өз ғимараттарының айналасына санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізді.
Қоршаған ортаның тазалығы-баршамызға ортақ міндет әрі келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік. “Тазалық тазалаған жерде емес, таза ұстаған жерде болады”- демекші, әркім өз ауласын, үй маңын, көше бойын үнемі таза ұстап отыруы қажет.  Сондықтан аудан тұрғындарын тазалықты сақтауға, туған жерге жанашырлықпен қарауға шақырамыз.

“Ауыл жаңалығы”- ақпарат.

Обновлено 07.04.2026 11:20
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1959
mod_vvisit_counterКеше1953
mod_vvisit_counterОсы аптада1959
mod_vvisit_counterӨткен аптада23281
mod_vvisit_counterОсы айда36242
mod_vvisit_counterӨткен айда110461
mod_vvisit_counterБәрі4196723

Серіктестер