Онлайн газет



«Мектепке жолда» жомарттық танытты

А.Қайыпназарқызы,
«Ауыл жаңалығы».

«Жақсылық жасауға асығайық». Дәл осындай үндеумен республикалық «Мектепке жол» атты акциясы ауданымыз көлемінде де ұйымдастырылды. Аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасынан шыққан оқушылармен, жетім, ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қолдау көрсету мақсатын көздейтін шара аудан орталығындағы А.Суханбаев атындағы демалыс саябағында өткізілді. Онда сөз сөйлеген аудан әкімі М.Шүкеев  мемлекетімізде бала және оның денсаулығын сақтау, қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, білімін жетілдіруге көптеген игі шаралар атқарылып жатқандығын, соның айғағы ретінде дәстүрлі акция аз қамтылған отбасыларға өз көмегін тиігізіп жатқандығын сөз етті. Жиналғандарды алдағы білім мерекесімен құттықтап,  ауқымды шара болашақта да өз жалғасын табатындығына сенім білдіріп, жаңа оқу жылының табысты болуына тілектестігін айтты. Қайырымдылық шарасында Байзақ аудандық мәслихатының хатшысы Н.Үкібаев, аудандық мәслихаттың депутаты, іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Т.Кадимовалар да жылы лебіздерін білдірді.
Мұнан кейін балаларға сыйлықтар табыстау рәсімі басталып та кетті. Н.Киікбаев атындағы орта мектеп оқушылары С.Момынжанова, А.Айтбаева, В.Гринина, Үлгілі орта мектебінің оқушылары А.Қанай, Г.Жаңабек, Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназиясынан Е.Амраин, Н.Бердибаева, Ж.Іскендірова, Ә.Жаңабек, Ф.Назимоваларға аудан әкімі Мұратхан Жүнісәліұлы спорттық киім-кешектер мен оқуға қажетті құрал-жабдықтарды табыстады.
Пушкин атындағы орта мектебінің оқушылары ағалы-қарындасты Нұрсұлу, Нұрсұлтан Балтабай және Умида Кенжебаеваға аудандық мәслихаттың хатшысы Нұрғали Үкібаев, Ю.Гагарин орта мектебінен Ботагөз Базарбаева, Қайржан Идирисов пен Қостөбе орта мектебінің оқушысы Замира Зулуфоваға аудандық мәслихаттың депутаты, іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Тазагүл Кадимова арнайы сый-сияпатын тарту етті.
Айтулы шарада балаларға мейірім сыйлап, көмек қолдарын созған абзал жандарға ата-аналар тарапынан алғыстар айтылды.
Акция аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығының өнерлі өрендері қойған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.  Жиылғандар саябақ ішіне қойылған “Бала - біздің болашағымыз” атты сурет көрмесін тамашалап, “Ата-ана сіз үшін...” педагогикалық-психологиялық көмек бұрышынан түрлі кеңестер алды.
***
Акция сонымен қатар, кеше ауданымыздағы Бурыл ауылдық округінде де ұйымдастырылған болатын.  “Балаға мейірімділік сыйла!” атты іс-шараға арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары С.Кенжебаев үлкен-кішіні жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Бурыл орта мектебінің оқушылары Қ.Құдайбергенов, С.Аділетұлы, А.Қылышбек, Б.Тұрғалиев, О.Досымжанға мектеп киімі мен сөмкелер үлестірген Сағындық Жұмағұлұлы оларға оқуда озат болуға тілектестігін білдірді.  Игі шарада аудандық мәслихаттың депутаты Е.Аширбеков, Бурыл орта мектебінің директоры Г.Алимбекова оннан аса оқушыға демеушіліктерін көрсетіп, мектеп құралдарын табыстады.  Бурылдағы қайырымдылық шарасының шапағатын сезінген 9 “б” сынып оқушысы А.Стойканың қамқоршысы Н.Ким жаны жомарт азаматтарға өз ризашылығын жеткізді.
*    *  *
«Мектепке жол» акциясына қызылжұлдыздықтар да үн қосты. Бейсенбі күні Н.Ақшабаев орта мектебінде өткен шара барысында білім ошағында білім алатын барлығы 40 балаға мектеп формасы мен спорттық киім-кешектер, оқуға қажетті құрал-жабдықтар сатып әперілді. Аудандық мәслихаттың хатшысы Н.Үкібаев бастаған,  №122 Қызылжұлдыз сайлау округінің депутаты Б.Сейткаримов және ауылдық округ әкімшілігі, амбулатория ұжымы мен ауылдағы жеке кәсіпкерлер көмекке зәру жандарға қол ұштарын созды.
*     *    *
«Жақсылық жасауға ұмтылайық!» деген үндеуге қосылған суханбайлық тұрғындар да «Мектепке жол» акциясына атсалысты. Акцияда сөз сөйлеген Суханбаев ауылдық округінің әкімі М.Өзбеков, Т.Ақбозов орта мектебінің директоры М.Бақтыбаева оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап,  білімді  азамат болып өсулеріне тілектестігін білдірді. Мұнан кейін мектеп ұжымы, медбикелер қауымы, жалпы жиылған жұртшылық өздерінің шама-шарқына қарай қайырымдылыққа үлестерін қосты.
*      *      *
Дәл осындай игілікті шара Түймекент ауылындағы Түймекент орта мектебінде де көрініс тапты. Ауыл әкімі Бақыт Әлсейітов, ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы Бозай Оразалы, имам Лесбек Бүтінбаев, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Әйетова және т.б. азаматтар қайырымдылық – қасиетті борыш екендігін айта келе, іс-шараның мән-маңызын әңгіме қылды. Мұнда да барлық қайырымды жандар арнайы жәшікке ақша салып, жомарттықтарын танытты.

Обновлено 02.09.2014 16:05
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1760
mod_vvisit_counterКеше1554
mod_vvisit_counterОсы аптада1760
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда18390
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2270059

Серіктестер