Онлайн газет



Айбыны күшті – Ата Заң!

Ж.Байсеитова,
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметкері.

Ата Заңның арқасында әрбір азамат өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінде мінекей, тағы бір ел мәртебесі үшін маңызды мереке –30 тамыз күні он тоғызыншы рет тойланғалы отыр.
Адамзат баласының өмір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатыны сияқты ғаламшарды мекен еткен әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық тілдердегі мойындалған атауы - Конституция.  
Еліміз 1995 жылы өзінің талғам–талқысынан өткен басты құжаты Конституциясын жүрек  қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды.      Ел тірегі, тәуелсіздігіміздің негізі – Ата заң десек қателеспейміз. Егемен елдің қоғамдық-демократиялық дамуына, өркендеп, қанатын кеңге жаюына Конституцияның тигізер ықпалы зор. Сондықтан да елдегі барлық құжаттың қайнар көзі, бастауы – осы Ата заңымыз екені сөзсіз. Ел Конституциясы қай елде болмасын, мемлекеттің негізгі болып саналады.
Егеменді ел атанған Қазақстан 1995 жылдан бері талай биікті бағындырып, әлемге өзін мойындатты. Қысқа мерзімде біздің еліміз болашаққа серпінді секіріс жасады. Біздің көз алдымызда еліміздің жаңа тарихы қалыптасуда.
Қастерлі құндылығымыздың қағидаттарын бұлжытпай орындаудың нәтижесінде біз қысқа мерзімде егемен мемлекетімізді орнатып, Тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік. Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды. Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі халықтың өзі екенін айқындады. Жаңа Конституцияны қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі- өнегеге айналды.
Әрбір қазақстандықтың Ата заңын мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, сонымен бірге жеке өзі, өз отбасы үшін де мәнділігін бағалай білуі, өз азаматтық міндеттемелерін қастерлеп сақтап, орындауы өте маңызды.
“Ата Заң – біздің асқақ абыройымыз!” деп өскен жастар еліміздің болашағына бей-жай қарамайды. Ол жерін, елін сүйетін ел мақтанышы болары сөзсіз.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабының негізінде, «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары» делінген. Осыны негізге алған республика халқы аталған құжат аясында Конституциялық нормаларға сай өмір сүру – демократияның және қазақстандық түрлі қоғамдық-саяси күштер келісімінің жоғары мектебі екеніне көз жеткізіп отыр. Ендеше, сол Ата Заңға адал болып, еліміздің дамуы жолында аямай қызмет етейік!

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1278
mod_vvisit_counterКеше1190
mod_vvisit_counterОсы аптада1278
mod_vvisit_counterӨткен аптада8564
mod_vvisit_counterОсы айда16354
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2268023

Серіктестер