Онлайн газет



Мемлекеттің негізі – Конституция

Ж.Малибекова,
Байзақ аудандық сотының жетекші маманы.

1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан халқы өзінің тарихи таңдауын жасады. Бұл күні бүкілхалықтық референдум арқылы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.
Тәуелсіз еліміздің Ата Заңында тек адамның, азаматтың, мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың мәртебесі ғана емес, стратегиялық құқықтық идеялар да айқындалды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп, ал оның ең басты құндылығы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жариялады.
Ата Заңымыз Қазақстанның тәуелсіздігін түбегейлі айқындап, мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының қалыптасуы мен бекуінің нық негізін қалады.
Тоғыз бөлімнен тұратын Конституцияда «Адам және азамат» деп аталатын бөлім елдің ең асыл қазынасы – адам және оның құқықтары мен бостандығын қорғауға арналған. Атап айтқанда, 30-бап адамның құқығы мен бостандығы өмірге келген сәтінен бастап, оған тиесілі екенін және оған ешкімнің қол сұғуына жол берілмейтінін бекітеді.
Ата Заңымызды қабылдай отырып, біз өз тәуелсіздігімізді одан әрі нақтылай түстік. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысандағы біртұтас мемлекет, республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қадағалайды. Міне, осы сынды жаңа құқықтық нормалар елдің тәуелсіздігін толықтай құқықтық тұрғыда қамтамасыз етуде.
Күллі халықтың талқысынан өтіп, ел игілігіне айналған Ата Заңымыз біздің мемлекетіміздің басты төлқұжаты болып саналады. Конституция – арайлы, еліміздің алтын арқауы, толағай табысымыздың бастау қайнары. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, саясаты салмақты, экономикасы еңселі, халқы тату, болашағы жарқын еліміз Ата Заңның аясында өркениетті елдермен терезесі тең мемлекеттің бірегейіне айналды!

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін361
mod_vvisit_counterКеше1554
mod_vvisit_counterОсы аптада1915
mod_vvisit_counterӨткен аптада8564
mod_vvisit_counterОсы айда16991
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2268660

Серіктестер