Онлайн газет



Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді

А.Шотбасова,
«Ауыл жаңалығы».

Бүгінде елімізде Елбасының бастамасымен жұмыссыздықты жою мәселесі алдыңғы орынға қойылып келеді.  Осыған байланысты  «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы», «Жастар практикасы» сынды мемлекеттік бағдарламалар енгізіліп, мұның негізінде талай бір қолға күрек таппай жүрген жандар жұмысқа орналаса бастады. Бағдарламалардың іске асырылып жатқаны  бөлек әңгіме, жылда жұмыссыздарға арналып арнайы бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылып, бұл бойынша да азаматтар өз мамандықтарына сай қызметке алынып келеді.
Жылдағы дәстүрге сай  биыл да аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйытқы болуымен Ж.Үшкемпіров атындағы спорт мектебінде кезекті бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткерілді. Жәрмеңкеге мамандықтарына сай тұрақты қызметке орналассам деген үмітпен келген үлкен-кіші көптеп ағылды. Алдымен аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ә.Саққұлова жиылған қауымға іс-шараның негізгі мақсаты жөнінде айтып түсіндіріп, оның өткізілу тәртібі, жұмыс ұсынушы тараптар туралы кеңінен айтып берді. Аудан әкімінің орынбасары С.Кенжебаев елімізде республика Президентінің тікелей тапсырмасына орай жұмыссыздықты түбегейлі шешу жолындағы іс-шаралар жүргізіліп жатқанын ауызға алып, аудандағы уәкілетті органда тіркеуде тұрған азаматтарды бос жұмыс орындары мен уақытша жұмыс орындарына қамту мақсатында ұйымдастырылып отырған жәрмеңкенің маңызы зор екендігіне тоқталды. Қатысушыларға өздеріне лайықты жұмыспен қамтылуына тілектестігін білдірді.
Жалпы, жәрмеңке барысында 19 жұмыс беруші 66 бос жұмыс орындарын ұсынса, оның 55-і білім саласына, 8 орын әлеуметтік жұмыс орындары мен шаруа қожалықтарына, 2-еуі ақылы қоғамдық жұмысқа, ал 1-еуі «Жастар практикасы» бойынша қызметке шақырылды. 
Бір сағатқа жуық уақыт жүргізілген жәрмеңкенің қорытындысы бойынша барлығы 34 адамға жолдамалар берілді. Олар, Үлгілі ауылдық округіне  1 бірлік «Жастар практикасы» негізінде, Сазтерек, Темірбек ауылдық округтеріне 1 азаматтан ақылы қоғамдық жұмысқа, «Ақжар» шаруа қожалығына 6, «Нұр и К» шаруа қожалығына 3 жұмысшыға жолдамалар берілді. Сонымен қатар, аудандағы білім беру мекемелеріне 22 әртүрлі мамандықтар бойынша қызметкерлер қабылданды.
Мысалы, Жансая Құттыбаева биылғы жылы Тараздағы педагогикалық институтты тәмәмдаған түлектердің бірі. Математика мұғалімі мамандығы бойынша оқу бітірген жас маман іс-шараның көмегімен Түймекент орта мектебіне жұмысқа орналасыпты. Болашақта ел ертеңі балаларға тәлім-тәрбие беретін жас ұстаз өз қуанышын былай жеткізді: “Жәрмеңкенің қарапайым халық үшін берер жәрдемі мол. Бүгінгі күннің өзінде бірталай адам жұмысқа орналасып жатқаны соның айғағы. Жұмысым болашақ бастауы - балаларға білім берумен тығыз байланысты болғандықтан, саналы ұрпақ тәрбиелеуді басты парызым санаймын. Еңбек жолымның басталуына себепкер болған бүгінгі жәрмеңкенің ұйымдастырушыларына айтар алғысым шексіз”.
Жәрмеңкеден жұмыс тапқан азаматтарға жолдамаларын табыстаған аудан әкімінің орынбасары Сағындық Жұмағұлұлы оларға алдағы істерінде сәттіліктер тіледі. Жәрмеңкеде аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары азаматтарға түрлі салада жұмысқа орналасуға байланысты кеңестер берді.

Обновлено 02.09.2014 16:00
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін66
mod_vvisit_counterКеше1554
mod_vvisit_counterОсы аптада1620
mod_vvisit_counterӨткен аптада8564
mod_vvisit_counterОсы айда16696
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2268365

Серіктестер