Онлайн газет



«Мектепке жол» жалғасуда

А.Шотбасова,
“Ауыл жаңалығы”.

«Қайырымдылық қасиетті борыш», «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көрерсің»-деп, халқымыз тегіннен-тегін айтпағаны белгілі. 
Қайырымдылық деген қасиеттің  әдемі үлгісі жуырда аудан орталығындағы Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназиясында көрініс тапты. «Балаға мейірім сыйла!» ұранымен тамыз-қыркүйек айларында өтетін дәстүрлі «Мектепке жол» акциясына бұл ретте аудан әкімдігінің қаржы, ветеринария және жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері үн қосты. Нақтырақ айтсақ, осы бөлімдердің басшылары Ж.Құмғанбаев, Қ.Оралов, Ә.Саққұловалар мектеп-гимназияның 3-сынып оқушылары В.Теличко, Г.Дурсунова, Т.Пузеев, Д.Сайдзиянов,  4-сыныптан А.Амангелдиева мен 6-сынып оқушылары А.Серік, Н.Ильиязоваларға ақшалай көмек қолдарын созды. Бұл шарадан  мектеп-гимназияның ұстаздар қауымы да шет қалмады. Оқу ошағының мұғалімдер қауымы бірігіп, осындағы 6-сынып оқушысы М.Халидоваға оқу құралдарын сатып әперді.
Игілікті іске «Бағлан» мейрамханасының директоры, жеке кәсіпкер З.Есенқұлова да атсалысты. Өткен сенбі күні Зәуре Есенқұлова Сарыкемер ауылының тұрғыны Н.Молдабаевамен жүздесіп, оның 2-сыныпта оқитын қызы Камилла Қалдыбековаға сөмке, спорттық костьюм мен аяқ киім және оқуға қажетті құралдар салынған дорбашаны сыйға тартты. Өз кезегінде 6 баланың анасы Назипа Молдабаева қайырымды жанға алғысын білдірді.
Бүгінгі таңда республика бойынша кең ауқымды «Мектепке жол» акциясы өткізіліп жатқанын ескерсек, көмекке зәру отбасыларына қамқорлықтарын көрсетіп, балғын балақайларға қуыныш сыйлаған аталмыш азаматтардың бұл ісі басқаларға үлгі болар деген үміттеміз!

Обновлено 28.08.2014 10:50
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1367
mod_vvisit_counterКеше1190
mod_vvisit_counterОсы аптада1367
mod_vvisit_counterӨткен аптада8564
mod_vvisit_counterОсы айда16443
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2268112

Серіктестер