Онлайн газет



СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

«Мен бизнес қуатты болса, мемлекет те қуатты деген қағидатты жақтаушымын».
ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан.

«Бизнестің жол картасы-2020» елімізді 2010-2014 жылдары үдемелі индустриалды-инновациялық дамытудың құрамдас бөлігі. Біздің өңіріміздегі жұмыс жасап тұрған және жаңадан іске қосылып жатырған сан-салалы өндірістерді индустрияландыру бағдарламасының жемістері деуімізге болады және оның барған сайын қарқын ала бастауы көңілімізді өсіріп, ертеңге деген сенімімізді бекіте түскендей.
Аптаның дүйсенбісі күні Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасының Байзақ  аудандық  филиалында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының  төртінші  бағытындағы  жеті қызмет түрі бойынша ережелерді насихаттау нұсқаулары арқылы ауылдық округтердегі жеке кәсіпкерлер мен өкілетті тұлғалар арасында түсінік және оқыту жұмыстарын жүргізу мақсатында сервистік қызмет іс-шарасы ұйымдастырылған болатын.
Ауылдық округтерден бизнес субъектілерінің  өкілдері, шаруа  қожалықтардың басшылары және  жеке кәсіпкерлердің басын қосқан шарада  кіші  және орта  бизнес өкілдерін "Бизнестің  жол картасы  - 2020" бағдарламасы аясындағы  кәсіпкерлікті  сервистік қызмет  арқылы  қолдау, сервистік  қызметтің  алдын-ала  бекітілген  түрлері  ішінде,  қызметтері үшін  кіші және орта  бизнес өкілдерінен  өтінім-сұраныстар  жинақтау және ынталы  сөзбен  шығу сынды мәселелер күн тәртібіне қойылды.
Жиын төрағасы Жамбыл облысы  кәсіпкерлер Палатасының  Байзақ  аудандық филиалының  директоры Дінмұхамед Берікұлы күн тәртібінде көтерілген мәселелерге орай баяндама жасады.
Сондай-ақ жиын барысында ережелерді насихаттау өкілдері, атап айтқанда, Жамбыл облысы Кәсіпкерлер Палатасының сервистік компанияның бас маманы Мамыржан Асатулаев, бірінші дәрежелі маман Мейрхан Бекпенбетов, қызмет көрсету және сервистік қолдау маркетинг маманы Амина Насибулина, ақпаратты қызмет көрсету және технология қызметі маманы Алмат Абуов, ақпаратты қызмет көрсету және сервистік қолдау маманы Гульназ Абдукаримовалар қатысушыларға өз қызмет салаларына қатысты түсініктер беріп, қолдау көрсетті.

Обновлено 28.08.2014 10:48
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін460
mod_vvisit_counterКеше1665
mod_vvisit_counterОсы аптада5464
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда13105
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2264774

Серіктестер