Онлайн газет



Азаматтардың арыз-шағымы басты назарда

Өткен бейсенбіде алдын-ала бекітіліп, жергілікті басылым беттерінде жарияланған хабарландыруға сәйкес, аудандық прокуратура ғимаратында Жамбыл облысы прокурорының орынбасары, әділет кеңесшісі Айдос Серікұлы Майлыбаев бір топ аудан азаматтарымен жеке қабылдау өткізді.
Сазтерек ауылдық округі, Ақтөбе ауылынан арыз-шағымын айта келген 11 баланың әкесі Шүкірбаев Әбен ақсақал қызының өліміне себепші болған азаматтың біраз уақыттың өткеніне қарамай, заң жүзінде жауапкершілікке тартылмай жүргенін алға тартып, тиісті шараның қолдануына ықпал етуін сұрады.
Қарияны мұқият тыңдаған Айдос Серікұлы бұл іспен таныс екендігін айтып, өз әріптестерінен тергеудің барысы, созылу себептері жайлы сұрап білген соң, оны алдағы уақытта бақылауға алатындығын жеткізді.
Сонымен қатар, Әбен ақсақал ауылда толастамай тұрған мал ұрлығы жайын айта келе, бір топ ауылдастары атынан мал ұрлығына қатысты, орын алған қылмыстық іс, оны жүзеге асырған азаматтар туралы нақты мәліметтер беріп, шара қолдануын өтінді.
Бұл қылмыстық іс бойынша да тергеу жұмыстарының жүргізілгендігі, оның нәтижелері туралы уақытша аудан прокурорының міндетін атқарушы аға әділет кеңесшісі Жомарт Кушеков қосымша мәлімет берді.
Бұдан соң қабылдауда болған Сарыкемер ауылының тұрғыны азаматша Алимбекова Светлана аудандық сот орындаушылары және ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің атқарып отырған жұмыстарына көңілінің толмайтындығын айтып, шағымданды. Оның айтуынша, қызы бұрынғы күйеуінен ортақ балалары үшін, сот шешіміне қарамастан, 6 жыл бойы жауапты құзырлы органдардың сылбырт әрекетінен тиесілі алимент ала алмаған.
Өз кезегінде А.Майлыбаев осындай мәселелердің қоғамда кең етек алып, көкейкесті мәселенің біріне айналуына байланысты, облыс аумағында кең көлемде акцияның басталғанын, оның көздеген мақсаты жайлы түсіндіріп, аудандық прокуратураға аталмыш іс барысын жандандырып, заң шеңберінде, тиісті шара қолдануды табыстады.
Қабылдау бұдан әрі де өз жалғасын тапты.

Өз тілшіміз.

Обновлено 25.08.2014 12:18
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін895
mod_vvisit_counterКеше1665
mod_vvisit_counterОсы аптада5899
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда13540
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2265209

Серіктестер