Онлайн газет



ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Еліміздің түкпір-түкпірінде Алғыс айту күні аталып өтілді. Бұл күні еліміздің дамуы мен өркендеуіне үлес қосқан барлық адамдарға деген ризашылық пен құрмет сезімі білдіріледі.
Айтулы күні аудан әкімі Олжас Баққараев бір топ еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетті.
Аудан басшысы Сарыкемер ауылының тұрғыны, түрік этномәдени орталығының жетекшісі Мехия Раджамовтың шаңырағында болып,  айтулы мерекемен құттықтап, ауданның дамуына және  ел бірлігі мен татулығын сақтауға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
Қажырлы еңбегімен ел құрметіне бөленген ардагерге мықты денсаулық, немере-шөберенің қызығын көре беруіне тілектес екендігін айтып, Алғыс хатпен марапаттады. Сый-сияпатын табыстады.
Өз кезегінде ел ағасы өмір жолынан сыр шертіп, ұл-қыздарынан тараған 9 немере, 1 шөберенің қызығын көріп отырғанын айтты.
-Алғыс айту күні - бірлік пен татулықтың мерекесі.  Бұл мереке ортақ тарихымызға көрсетілген құрметтің, киелі қазақ жеріне деген ризашылықтың белгісі.  Бір мүддеге негізделген, бір құндылықты бөліскен, бір мекенді ортақ Отан еткен адамдар арасындағы сыйластыққа не жетсін. Татулық пен тұрақтылықты ту етіп, ынтымағы мен бірлігі жарасқан елдің ырысы мол болатындығын жақсы білеміз,- дей келе Мехия Мусаевич көпұлтты елімізде ауқымды саяси өзгерістер жүзеге асырылып жатқандығын, реформа аясында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың тетіктері жетілдірілгендігіне тоқталды. Ел дамуына  ықпал ететін тарихи сәтте  15 - наурыз күні өтетін референдумға отбасы мүшелері ұйымшылдықпен қатысатындығын жеткізді.
Осы күні ауданымызда ұзақ жылдар бойы түрлі салада қызмет еткен бір топ еңбек ардагерлеріне де ілтипат көрсетілді. Атап айтқанда, сарыкемерлік Жалғасбай Тілеумұратов, Бауыржан Көшкінбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы  Бердібек Омаров, байзақтық Әмірбек Бозғұловтарды  аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаев, аудан әкімі атынан салалық орынбасарлары құттықтап,  аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады.
Құрмет көрген ардагерлер елдің өсіп-өркендеуіне үлес қосу-әр азаматтың парызы екенін атап өтіп, көрсетілген шынайы ықылас үшін аудан басшылығына алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.

“Ауыл жаңалығы”- ақпарат.

Обновлено 03.03.2026 11:19
 

Халыққа жолдау

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2274
mod_vvisit_counterКеше4321
mod_vvisit_counterОсы аптада2274
mod_vvisit_counterӨткен аптада28488
mod_vvisit_counterОсы айда57219
mod_vvisit_counterӨткен айда126502
mod_vvisit_counterБәрі3700487

Серіктестер