Онлайн газет



КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ САЙЛАНДЫ

Өткен аптаның жұмасы күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс LXI-сессиясы өтті. Сессияға аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бауыржан Көшербаев, ауыл, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Сессияны аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаев ашып, жүргізіп отырды.
Сессияда «Байзақ аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарындағы босаған орындарға сайлау өткізу туралы» Байзақ ауданы бойынша сайлау комиссияларының құрамындағы босаған орындарға сайлау өткізу үшін уақытша комиссиясының төрағасы Елнұрбек Ермеков баяндады.
Ол өз баяндамасында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, сайлау комиссияларының мүшелерін сайлаған орган олардың өкілеттік мерзімі ішінде комиссия құрамына өзгерістер енгізуге құқылы екендігін атап өтті. Ауданымызда сайлау комиссиялары 2023 жылғы желтоқсан айында сайланған. Биылғы жылдың 30 қаңтарында аудандық мәслихатқа аумақтық сайлау комиссиясынан аумақтық және учаскелік сайлау  комиссияларының 28 мүшесінің түрлі себептерге байланысты қызметінен босату туралы өтініштері түскені және босаған орындарға жаңа мүшелерді сайлау қажеттігі жөнінде хат жолданған.
Осыған байланысты аудандық мәслихат жанынан құрылған комиссия заң талаптарына сәйкес мәслихаттың ресми интернет-ресурсында құрамында бос орындар бар сайлау комиссияларының нөмірлері мен орналасқан жерлері туралы, сондай-ақ саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің кандидатуралар ұсыну мүмкіндігі жөнінде хабарландыру жариялаған. Белгіленген мерзім ішінде ұсыныстар қабылданды.


Жарияланған конкурс қорытындысы бойынша босаған орындарға «Amanat» партиясы, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы, Қазақстан халық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы, «Байтақ» жастар партиясы мен «QazMED» медицина және онымен сабақтас кәсіподағы мен «Білім беру қызметкерлері» кәсіподағы өз кандидатураларын ұсынды. Ұсынылған кандидаттар құжаттары уақытша комиссия тарапынан толық зерделеніп, заң талаптарына сәйкес келмейтін үміткерлер анықталған жоқ екендігі айтылды.
Кандидаттардың аты-жөні мен аумақтық, учаскелік сайлау комиссияларының нөмірлері таныстырылды.
Депутаттар тарапынан кандидаттарды ашық дауыс беру арқылы сайлауға ұсыныс қабылданды. Депутаттардың ашық дауыс беруі нәтижесінде Джумажанов Еркебұлан Ескермесович аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі, Макулова Жазира Алашбаевна №114, Тлеубергенова Ляйла Мейрамовна №115, Жумбаев Дулат Жандарбекович №119, Польстер Елена Александровна, Чауыш оглы Мұхамед Сабырұлы, Зулуф-оглы Земфира Закарияевна №120, Ниязкулов Улангали Уалиевич №121, Адасханов Темирхан Серикович, Утегенов Саламат Кошкинбаевич, Джумабеков Умирзак Зукурович №125, Таупишева Индира Сейсенгалиевна, Ускенбаев Мурат Рысбекович №127, Кенесов Еламан Ермекович №130, Джаналиева Назерке Айтбаевна №131, Кенжекулов Нуркен Айтбекович №133, Берденова Айгуль Серикбаевна, Мырзабеков Бекнұр Дастанұлы №134, Оксикбаева Баян Усеновна №136, Тұрғынбай Тұрсынай Жұмакелдіқызы №137, Серік Нұрғали Аршабекұлы №139, Тауасаров Ерболат Жақыпұлы №140, Садыкова Жансая Есиркеповна №142, Жұмахан Елмұрат Ғабитұлы №467, Елеусінова Гүлнәра Манатбекқызы, Юсупова Гүльвира Тюлюмбековна №469, Мусаева Гульзира Альмахановна, Даулетбаева Индира Бакытовна №470-шы учаскелік сайлау комиссияларының мүшесі болып сайланды.
Сессияда сөз алған аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов ауданымызда аталған саяси науқанға дайындық жұмыстары өз дәрежесінде жүргізіліп жатқаны туралы айта келіп, референдумды ұйымшылдықпен өткізу туралы айтты.

Сундетулла АБЫЛАШҰЛЫ,
«Ауыл жаңалығы».

Обновлено 03.03.2026 11:17
 

Халыққа жолдау

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2114
mod_vvisit_counterКеше4321
mod_vvisit_counterОсы аптада2114
mod_vvisit_counterӨткен аптада28488
mod_vvisit_counterОсы айда57059
mod_vvisit_counterӨткен айда126502
mod_vvisit_counterБәрі3700327

Серіктестер