Онлайн газет



ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚ-ҚЫЛМЫСТЫҢ БІР ТҮРІ

Цифрландыру заманында адам өмірінің барлық саласы интернетке тәуелді болғанын жақсы білесіздер. Қаржы аудару, қызмет төлеу, құжат рәсімдеу,  сауда жасау, ақпарат алу-бәрі онлайн форматқа көшті. Бұл заман талабы десекте, цифрлық мүмкіндіктердің артуымен бірге интернеттегі қылмыстар да көбейе түсті. Яғни сандық технология көз ілеспес жылдамдықпен өмірімізге енгендігі соншалық жыл сайын мыңдаған азаматтар интернеттегі алаяқтық қылмыстардың «құрбаны» болуда.
Осыған орай Байзақ аудандық полиция бөлімі криминалды полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі, полиция майоры Нұрлан БЕКМҰРАТпен әңгімелескен едік.

-Нұрлан Байтерекұлы, интернет-ақпарат ғана емес, үлкен қауіп алаңы. Соңғы жылдары  халықтың көп бөлігі интернет арқылы алданып жатады. Ең жиі кездесетін қылмыс түрлеріне тоқталсаңыз?
-  Мемлекет басшысының Жарлығымен 2026 жыл “Цифрландыру және жасанды интеллект жылы” болып жарияланды.  Адамзаттың  игілігі  саналатын цифрлық  технологиялар артында қауіп бар екенін естен шығармаған абзал. Негізінен киберқылмыстың белең алуының басты  себептерінің бірі-халықтың құқықтық сауатсыздығы. Интернет қолданушылардың көбі дербес деректерді қорғау ережесін сақтамайды, күдік тудыратын сайттарды ажырата білмейді, ақпараттарды тексермейді. Соның салдарынан жиған-терген қаражатынан айырылып жатады.
Елімізде ақпараттық кеңістікте азаматтардың дербес деректерін қорғау мақсатында аудандық полиция бөлімінің ұйытқы болуымен интернет-алаяқтықтың алдын алу, оның зардаптары мен зиянын түсіндіру жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Бұқаралық ақпарат құралдарында профилактикалық материалдар, ауылдық округтерде, сауда  орталықтарында,  көпшілік жиналатын қоғамдық орындарда интернет-алаяқтық бойынша жадынамалар таратылуда. Әлеуметтік желілердің ресми  интернет-ресурстарында да  киберқылмыспен күрес,  «Абайлаңыздар: алаяқтар!» тақырыптарында ақпараттар орналастырылуда.
Талдау көрсеткендей, интернет алаяқтыққа  көбіне ұстаздар, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, қарапайым тұрғындар душар болып жататыны анықталды.
Қылмыстық кодексте интернет-алаяқтық бөгде біреудің мүлкін ұрлау немесе алдау арқылы пайдаға жарату, қылмыскерлердің цифрлық технологияларды қолдана отырып, жәбірленушілерге елеулі зиян келтіру деп сипатталады. Демек интернет-алаяқтық дегеніміз-адамды алдап, сеніміне кіріп, оның ақшасын немесе жеке деректерін иемдену. Бұл қылмыстың қауіптілігі-алаяқтар көбіне көзге көрінбейді, олардың «құрығына түскен адам»  оны кеш түсінеді.
Алаяқтар түрлі тәсілдерді қолданып,  кез келген адамның қаражатын жымқыруы ықтимал. Сондықтан ең жиі кездесетін қылмыс  түрлері:
Фишинг - бұл жалған сайттар немесе жалған электронды хаттар арқылы жасалады. Мәселен,  алаяқтар өздерін банк, танымал компания ретінде таныстырып, электронды поштаға SMS немесе мессенджерлер арқылы жалған сілтемелер жібереді. Бұл сілтемелерге өткен адам жеке деректерін (логин, пароль, карта нөмірі, CVV-код) енгізу арқылы алаяқтарға өз ақшасына қол жеткізуге мүмкіндік беріп, жиған қаражатынан әп-сәтте айырылып қалады.
Әлеуметтік желіге сурет жүктеу арқылы да алаяқтың құрбаны болуыңыз ықтимал. Интернет алаяқтар сіздің бет-әлпетіңізді қолданып, шотыңыздағы қаражатты жымқыруы мүмкін. Егер видео қоңырау қабылдап қойсаңыз сіздің бейнеңізді, дауысыңызды жазып алады. Жасанды интеллект арқылы оны қолданып, туыстарыңызға, банк операторына звондауы ықтимал. Сіз келген пин кодты басқаларға айтып қойсаңыздар, онда банк шотыңыздағы ақшаны алып кетуі мүмкін.
Онлайн-саудадағы алдау. Әлеуметтік желіде немесе сайтта арзан бағада телефон, киім-кешек, күнделікті тұтынатын техникалық заттар сатамыз деп жарнамалап, алдын ала төлем алған соң, байланыс үзіледі.
Жалған жұмыс ұсыныстары: «Үйде отырып ақша табуға болады», «Шетелге жұмысқа шақырамыз» деп алдап, құжат рәсімдеу үшін қосымша  шығындар» деп ақша сұрап,  ақшаны аударған соң байланыс үзіледі.
Инвестициялық алаяқтық. Криптовалюта,  қаржы пирамидалары немесе жалған инвестициялық платформалар арқылы «ақшаңды көбейтіп береміз» деушілердің құрығына түссеңіз,  соңында қаражатыңыздан біржола айырылып қалатындығыңызды есте ұстаңыз.
SMS және мессенджер арқылы алдау; «Сіз көлік ұтып алдыңыз», «Шотыңыз бұғатталды» секілді хабарламалар арқылы сілтемеге кіргізіп, жеке деректеріңіз қолды болған соң жер сипап қалуыңыз әбден мүмкін.
Жаппай цифрландыру дәуірінде алаяқтық жасаудың тағы бір танымал тәсілі-қаржы пирамидаларының құрбаны болып жатқандар да баршылық. Сондықтан  аз ғана уақыт ішінде қомақты қаражаттың иесі боламын деген уәдеге сеніп, сан соғып қалмаңыздар.
Дроп-алаяқтардың ұрланған ақшаны шығару үшін пайдаланатын адамы. Оның атына карта ашылып, ақша аударылады, бірақ бұл адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Яғни “Ақша тасымалдаушы”. Алаяқтар сізді ақша аударып, оны қолма-қол шығарып беруге көндіреді.

-Киберқылмыстан қорғанудың  тиімді жолдарын атап өтсеңіз?
-Алаяқтық-ақша, ақпарат, мүлік немесе ресурстарға қол жеткізу сияқты пайда табу мақсатындағы алдын ала жоспарланған, ұйымдастқан топтың алдау әрекеті. Бұл телефон қоңыраулары мен хаттардан бастап, күрделі кибершабуылдарға дейін әртүрлі түрде болуы ықтимал. Сондықтан сіз интернеттегі әр хабарламаны сын тезінен өткізіп, күмәнді  нөмірлерге жауап бермеңіз.
-Егер сізге қоңырау шалып, туысыңыз қиындыққа тап болды деп хабарласа, үрейге бой алдырмай, телефонды қойып, туысыңызға және полицияға хабарласыңыз.
Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және сенімсіз көздерден жіберілген файлдарды ашпаңыз. Ешқашан  бейтаныс адамдарға, ешкімге  жеке мәліметті, банк картасының нөмірін, CVV кодын, құпиясөзді  басқа да дербес деректерді айтпаңыз. Есіңізде болсын ешқандай банк қызметкері сізден  құпия деректерді сұрамайды. Әлеуметтік желіге жеке суреттерді салуды әдетке айналдырмаңыз. Бұл жерде ең бастысы-құпиясөздерді жиі ауыстыру, ақпаратты тексеру, бейтаныс қоңырауды көтермеу, жалған  хабарламаны таратпаудың маңызы зор.
Сондай-ақ, отбасы мүшелері мен жасөспірім ұл-қыздарыңызға әлеуметтік желілер арқылы алданып жатқан адамдар туралы ақпаратты айтып, қаражат пен жеке деректерді қорғау қажеттігін ескертіңіз. Жоғарыда айтылған қарапайым ережелерді сақтау арқылы алаяқтардың құрбаны болудан өзіңізді және жақындарыңызды сақтап қала аласыз.
-Әңгімеңізге рақмет.

Сұхбаттасқан-Айдар Алдабергенов,
“Ауыл жаңалығы”.

Обновлено 03.03.2026 11:12
 

Халыққа жолдау

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2268
mod_vvisit_counterКеше4321
mod_vvisit_counterОсы аптада2268
mod_vvisit_counterӨткен аптада28488
mod_vvisit_counterОсы айда57213
mod_vvisit_counterӨткен айда126502
mod_vvisit_counterБәрі3700481

Серіктестер