Онлайн газет



Тұтынушылардың құқығын қорғау - басты мақсат

“Басты байлық - денсаулық” демекші, бүгінде денсаулыққа баса мән берілуде. Халықтың саулығын сақтауда жер-жерлерде жаңа емдеу нысандары бой көтеріп жатса, ем алушылардың құқығы Заңмен қорғалып, осы жолда түсіндірме жұмыстарын жүргізу де біртіндеп қолға алыну үстінде.

Сәрсенбінің сәтін сала, Жамбыл облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Байзақ аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасында  - тұтынушылардың құқықтарын қорғау мемлекеттік қызметтің негізгі бағыттары мен халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы,  бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету және азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту тақырыбына арналған дөңгелек үстел болып өтті.
Оны ашып, жүргізіп отырған  ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі Жамбыл облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Байзақ аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы А.Төлепбергенов күн тәртібіндегі басты мәселелермен таныстырып,  медициналық көмек көрсетуде тұтынушы халықтың талап-тілектерін орындау, оларды тегін дәрі-дәрмектермен қамтуда белгіленген ережелерді ұстанудың маңызы зор екендігін тілге тиек етті.
Мұнан кейін Байзақ аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының бас маманы, заңгер С.Тайланов және осы басқарманың санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы Г.Өтепова “Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мемлекеттік қызметтің негізгі бағыттары мен халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы”,  “Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету және азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту Қағидасы” жөнінде баяндама жасады.  Ал,  Байзақ аудандық бастапқы медициналық көмек бөлімінің меңгерушісі З.Курбанова,  аудандық аурухананың эпидемиолог-дәрігері Г.Төлепбергеновалар науқастарға сауатты түрде бастапқы медициналық көмек көрсету, оларды тегін дәрі-дәрмекпен қамтудың негізгі ережесі және емдеу мекемелерінде санитарлық -гигиеналық тәріпті сақтау талаптары туралы кеңінен түсінік берді.
Іс-шара соңында оған қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын ортаға салып, өзара пікір алмасты.

Өз тілшіміз.

Обновлено 25.08.2014 12:13
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін564
mod_vvisit_counterКеше1665
mod_vvisit_counterОсы аптада5568
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда13209
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2264878

Серіктестер