Онлайн газет



НЕКЕ ҚАҒИДАТЫ

Отбасы – ұлттың тамыры, мемлекеттің тірегі.  Жаңа  Конституцияның жобасында некені ер мен әйелдің еркін әрі тең құқылы одағы ретінде конституциялық тұрғыда бекіту қоғам тарапынан үлкен қолдау тапты.
Неке – еркіндік пен теңдік негізі. Бұл – отбасы құруда теңдік, өзара құрмет және жауапкершілік қағидаттарының үстемдігін білдіреді. Неке-тек заңды қатынас емес, адамгершілік пен сенімге негізделген әлеуметтік  институт.
Жобаның 30-бабының 1-тармағында: “Неке және отбасы, ана, әке мен бала – мемлекет қорғауында болады”деп жазылған. Мемлекет ана мен әкені құрметтеуді және қорғауды басты міндеттердің бірі ретінде таниды. Ана – өмірдің бастауы, әке-отбасының тірегі. Конституциялық қағида осы мәртебені заң жүзінде бекітіп, ата-ананың құқықтары мен міндеттерін айқындайды.Ата-ананың баланы тәрбиелеу және оған қамқорлық жасау міндеті-тек құқықтық талап емес, ұрпақ алдындағы қасиетті борыш. Мемлекет бұл бағытта әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асырып, ана мен баланы қорғау саясатын жүйелі түрде дамытып келеді.
Сондай-ақ жобаның 30-бабының 3 тармағында: “Балаға қамқорлық жасау және тәрбие беру-ата-ананың етене құқығы әрі міндеті” деп нақты көрсетілген. Осылайша басты құжатта баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауға ерекше назар аударады. Әр бала отбасында тәрбиеленуге, білім алуға, қамқорлық пен сүйіспеншілікке ие болуға құқылы. Мемлекет баланың құқықтарын бұзуға жол бермеуге және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.
Неке мен отбасы институтының беріктігі-қоғамның тұрақтылығының кепілі. Жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды сақтау, дәстүрлі отбасы моделін нығайту - маңызды міндеттердің бірі. Конституциялық норма осы бағыттағы мемлекеттік саясаттың негізін қалайды.
Мемлекет басшысы берік және бақытты отбасы-үйлесімді қоғамның басты құрамдас бөлігі және мемлекеттің сенімді тірегі екенін атап өткенін жақсы білеміз. Жаңа, Әділетті, Қауіпсіз Қазақстанның болашағы өсіп келе жатқан жастардың қолында. Мықты отбасы-мықты мемлекеттің тірегі. Сондықтан жаңа Ата Заңның жобасында неке мен отбасы құндылықтары конституциялық деңгейде күшейтілген. Бұл шешім отбасындағы тәрбиені нығайтып, дәстүрлі құндылықтарды құқықтық деңгейде қорғауға мүмкіндік береді.

Асылбек Нуртаев,
аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің заңгері.

 

Халыққа жолдау

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2264
mod_vvisit_counterКеше4321
mod_vvisit_counterОсы аптада2264
mod_vvisit_counterӨткен аптада28488
mod_vvisit_counterОсы айда57209
mod_vvisit_counterӨткен айда126502
mod_vvisit_counterБәрі3700477

Серіктестер