Онлайн газет



ЖЕР УЧАСКЕСІНІҢ ЖАЛДАУ МЕРЗІМІН ҰЗАРТУ

Жер – мемлекеттің негізгі табиғи ресурстарының бірі және экономикалық дамудың маңызды факторы. Қазақстан Республикасында жер қатынастары заңмен реттеледі және жерді пайдалану тәртібі нақты құқықтық нормаларға негізделген. Соның ішінде жер учаскесін жалға беру және оның мерзімін ұзарту мәселесі өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Жалдау мерзімін ұзарту – жер қатынастарының тұрақтылығын қамтамасыз ететін құқықтық механизм.
Жер учаскесі жеке және заңды тұлғаларға белгілі бір мерзімге жалға берілуі мүмкін. Жалдау мерзімі шартта көрсетіледі және оның аяқталуына байланысты ұзарту мәселесі туындайды.
Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жүргізіледі. Егер жалға алушы жерді мақсатты түрде пайдаланып, шарт талаптарын бұзбаса және жалдау ақысы бойынша берешегі болмаса, мерзімді ұзартуға басым құқыққа ие болады.
Қай кезде өтініш беру керек?
Жалдау мерзімі аяқталмай тұрып (әдетте 1–3 ай бұрын) жергілікті атқарушы органға жазбаша өтініш беріледі.Уақытында жүгінбеген жағдайда жер учаскесі басқа тұлғаға берілуі мүмкін.
Жер учаскесін жалдау – бұл жер иесі (мемлекет немесе жеке тұлға) мен жалға алушы арасындағы шарттық қатынас. Шартта жердің мақсаты, пайдалану тәртібі, жалдау ақысы және мерзімі көрсетіледі.
Жалдау мерзімі:
Қысқа мерзімді (5 жылға дейін);
Ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін).
Мерзім аяқталған кезде жалға алушы шарт талаптарын сақтаған жағдайда оны ұзартуға басым құқыққа ие болады.
Жалдау мерзімін ұзарту тәртібі:
Жалдау мерзімін ұзарту үшін жалға алушы жергілікті атқарушы органға (аудан немесе қала әкімдігіне) жазбаша өтініш береді. Өтініш мерзім аяқталғанға дейін алдын ала тапсырылуы тиіс. Өтініш қаралып, оң шешім қабылданған жағдайда қосымша келісім жасалып, жалдау мерзімі ұзартылады.
Жалдау мерзімін ұзартудан келесі жағдайларда бастартылуы мүмкін:
Жерді мақсатсыз пайдалану;
Жалдау төлемін уақытында төлемеу;
Экологиялық талаптарды бұзу;
Мемлекеттік қажеттілік үшін алып қою;
Құжаттардың толық болмауы;
Учаске берiлген мерзiмнiң өтуi;
Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту – заңмен белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылатын рәсім. Жалға алушы шарт талаптарын орындап, жерді мақсатты пайдаланған жағдайда мерзімді ұзартуға құқылы. Сондықтан заң талаптарын сақтау және құжаттарды уақытылы рәсімдеу маңызды.Жер қатынастарының тұрақтылығы-ел экономикасының дамуының маңызды кепілі.

Мұхтар МАМЫШЕВ,
Қостөбе ауылдық округінің әкімі.

 

Халыққа жолдау

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2099
mod_vvisit_counterКеше4321
mod_vvisit_counterОсы аптада2099
mod_vvisit_counterӨткен аптада28488
mod_vvisit_counterОсы айда57044
mod_vvisit_counterӨткен айда126502
mod_vvisit_counterБәрі3700312

Серіктестер