Онлайн газет



ҰЛЫ ДАЛА АҚЫНЫ

ХХ ғасырдың Гомері атанған жыр алыбы, қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына биыл 180 жыл толып отыр.
Жамбыл Жабаев – суырыпсалма ақындық өнердің хас шебері, айтыс өнерінің дүлдүлі, халықтың мұң-мұқтажын, ел бірлігі мен ерлік рухын жырлаған тұлға. Оның отты жырлары қиын кезеңдерде елге рух беріп, халықтың жігерін жаныды.
Байзақ аудандық орталық кітапханасында «Ел болып оқимыз» облыстық жобасы аясында халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы дала ақыны» атты поэзия кеші болып өтті.
Кешке аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері,”Жастар ресурстық орталығының» мамандары және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.
Іс-шара барысында кітапхана қызметкері Хадиша Бөртеева ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен мәлімет беріп, Жамбылдың қазақ поэзиясындағы орны мен тарихи маңызына тоқталды. Кітапхананың тұрақты оқырмандары Назерке Көбей, Батырхан Боранбек және кітапхана қызметкерлері  Жамбыл Жабаевтың өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.  Әл-Фараби атындағы мәдениет үйінің өнерпазы  Марлен Көпешов орындаған әсем әндер кештің көркін аша түсті. Ақынның «Ленинградтық өренім!» атты жалынды жырлары оқылып, оның отансүйгіштік рухы кеңінен насихатталды.
Кеш соңында кітапхана қызметкері Ақерке Жақсыбек «Жамбыл Жабаев- халық поэзиясының биік шыңы» атты кітап көрмесіне шолу жасап, кітапхана қорындағы әдебиеттермен таныстырды.
Тағылымды кеш жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеп, рухани мұраны қадірлеуге бағытталды.

“Ауыл жаңалығы” - ақпарат.

Обновлено 03.03.2026 11:03
 

Халыққа жолдау

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2272
mod_vvisit_counterКеше4321
mod_vvisit_counterОсы аптада2272
mod_vvisit_counterӨткен аптада28488
mod_vvisit_counterОсы айда57217
mod_vvisit_counterӨткен айда126502
mod_vvisit_counterБәрі3700485

Серіктестер