|
Менингококк инфекциясының клиникалық ағымында оқшауланған (менингококк тасымалдаушылық, назофарингит) және генерализацияланған (менингит, менингококкцемия, аралас) түрлері бөлінеді. Менингококк инфекциясы кезінде инкубациялық кезең (жасырын кезең) екі күннен жиырма күнге дейін, көбіне екі-төрт күн жалғасады. Менингит-адам ағзасына өте қауіпті, оның болжамы уақтылы, дұрыс ем қабылдап, медициналық көмек көрсетуге байланысты. Менингит-мидың шырышты және жұмсақ қабатының қабынуы, алғашқы белгілері пайда болысымен дәрігерге көріну қажет. Менингит-жіті, қалтыраудан және қызбадан, бастың қатты ауыруынан және құсудан басталады. Жарықтан қорқу, терінің сезімталдығы дамиды, содан кейін қозу және қозғалыс мазасыздығы, сананың ессіз күйден комаға дейін бұзылуы қосылады, менингеалды симптомдар
өршиді. Айқын білінетін улану, сананың бұзылуы, құрысу, талықсу, бас сүйек-ми нервтерінің парезі, атаксия, гемипарездер және параличтер, нистагм, мишықтың бұзылуы менингоэнцефалитті көрсетеді. Дене температурасы 40 °С дейін және одан жоғары көтеріледі, улану симптомдары айқын көрінеді. Ауруға тән симптом-денеде, аяқ-қолдарда, бөкседе ауру басталғаннан 12-48 сағаттан кейін геморрагиялық бөртпе пайда болады. Бөртпе элементтері әртүрлі түрде болар-болмас байқалатын петехиядан үстіңгі бетке шығып тұратын қып-қызыл түсті теріге ірі қан құйылуға дейін болады. Қан құйылу ортасында некроз. Менингококцемия кенеттен болатын сипатқа ие болады, ол кезде қатты басталады, кенеттен қалтырау, қорқыныш сезімі пайда болады. Дене температурасы 40-41°С дейін көтеріледі. Содан кейін инфекциялық-уытты шок дамуына қарай жылдам төмендейді. Демікпе, тахикардия артады, артериялық қысым төмендейді, ауру басталғаннан 6-48 сағаттан кейін өлім жағдайы болады. Науқаспен байланыста болған барлық адамдар соңғы науқас оқшауланған сәттен бастап, күнтізбелік он күн бойы күнделікті клиникалық тексеріп-қарау және термометрия арқылы медициналық бақыланады. Тексеріп-қарауды жүргізуге отоларингологтар тартылады. Науқастармен байланыста болған және мұрын-жұтқыншақта катаральды құбылыстар бар адамдарға профилактикалық емдеу жүргізіледі. Менингитке қарсы екпе қарым-қатынаста болғандарға тек аудандық бас санитарлық дәрігердің шешімімен, қаулысымен егіледі. Жұқпаның алдын алу шаралары: жеке бас гигиенасын қатаң сақтау, салауатты өмір сүру, күнделікті жеміс-жидектерді, көкөністерді жақсылап жуу, дұрыс тамақтану, ағзаны шынықтыру, ең бастысы- жаз мезгілінде анықталмаған, тазартылмаған су қоймаларында, көлшіктерде шомылмау, қайнамаған су ішпеу. Дайын, пісірілген тамақтарды дұрыс сақтау.
Мұрат Мухаметрахимов, Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі. |