Онлайн газет



РЕФОРМАНЫҢ МАҢЫЗЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Жамбыл облыстық “Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!” жалпыұлттық коалициясының мүшелері Абдалы Нұралиев, Алтай Райқұлов, Фарида Жүнісова, Жалил Аббосовтар  алдымен  Үлгілі ауылындағы “JS CLASS” ЖШС-і жұмысшыларымен, сосын аудандық “Аmanat” партиясы аудандық филиалында аудан жастарымен, сондай-ақ, Дихан тірек және Бурыл орта мектептерінде болып, ұжыммен  кездесті.
Кездесуде сөз алған Абдалы Тоқбергенұлы жаңа Ата Заңдағы өзгерістер саяси жүйені жаңғыртуға,  азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғандығын атап өтті.
-Конституция жобасын әзірлеу ашық форматта жүргізілді. Халықты жедел хабардар ету үшін Конституциялық соттың сайтында «Конституциялық реформа 2026» арнайы Telegram арнасы құрылып, реформаның барысы туралы барлық ақпаратты жинау алаңына айналды. E-Otinish  және eGov платформалары арқылы азаматтардан, сарапшылардан және қоғамдық бірлестіктерден он мыңнан астам ұсыныстар түсті. Бұл ұсыныстар жан-жақты қаралып, ол  жаңа редакциясында ескерілді.


Жаңа Конституция 11 бөлім, 96 баптан тұрады. Конституцияның 4-бабында халық-мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және Егемендік иесі ретінде көрсетілген,-дей келе Абдалы Тоқбергенұлы жаңа құжаттың ерекшеліктерінің бірі-бір палаталы жаңа Парламент-Құрылтайдың құрылатындығын, Қазақстан Халқы кеңесінің құзыретіне, Президенттік басқару, Вице-президент қызметінің енгізілуі, Парламентте енді Президент квотасы болмайтындығын айтты. Егемендік, тәуелсіздік пен аумақтық тұтастық,  неке қағидаты, адвокат мәртебесі,  білім, ғылым, мәдениет және инновация салалары мен  қоршаған ортаны қорғауға ерекше мән берді.Жаңа Конституцияның басты ерекшелігі - оның мемлекеттік тілде, яғни қазақ тілінде жазылғандығына басымдық бере отырып,  маңызды құжатты халықтық Конституция деп атауға толық болатындығын айтты. 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумда өз таңдауларын жасау қажеттігін, әр азаматтың дауысы маңызды рөл атқаратынын жеткізді.
Одан кейін ретімен сөз алған коалиция мүшелері Алтай Райқұлов,  Фарида Жүнісова, Жалил Аббосов, “Amanat” партиясы аудандық филиалының төрағасы, “Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!” жалпыұлттық коалициясының жетекшісі Индира Спаналиева, оның мүшеcі Бақтияр Ақбаев елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның мән-маңызына, әділетті қоғам қалыптастыру, кәсіпкерлік құқығын қорғау, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект дәуірінде адам капиталын дамыту, денсаулық сақтау, білім беру мәселелеріне  екпін салды. Жаңа Конституция еліміздің ары қарай дамуы үшін стратегиялық  маңызға ие екендігіне назар аударды.
Кездесу соңында еңбек адамдары, жастар мен ұстаздар қауымы ұсыныстарын айтып, жаңа Ата Заң жобасын толық қолдайтындықтарын білдірді.

Гүлшахар Әбдіқұлқызы,
“Ауыл жаңалығы”.

Обновлено 27.02.2026 11:32
 

Халыққа жолдау

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2145
mod_vvisit_counterКеше4321
mod_vvisit_counterОсы аптада2145
mod_vvisit_counterӨткен аптада28488
mod_vvisit_counterОсы айда57090
mod_vvisit_counterӨткен айда126502
mod_vvisit_counterБәрі3700358

Серіктестер