Онлайн газет



Айбыны асқақ – Ата Заң

А.Жумаева,
Байзақ аудандық сотының бас маманы.

Қазақстан Республикасы өзінің демократиялы, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет екенін Ата заңы арқылы бүкіл әлемге танытты.
Ата Заңның қабылдануы Конституциялық құрылыстың құқықтық негізін қалады, мемлекеттік тетік және қоғамдық, саяси жүйенің негізгі қағидаттарын орнықтырды. Адам мен азаматтың Конституциялық мәртебесін белгіледі. Қазақстан Республикасының Конституциясы дербес мемлекет ретінде ұлтына қарамастан онда тұратын барлық адамдардың еркіне сәйкес жасалды.
Ата Заңның алғы сөзінде: «Біз ортақ тарихы бар, тағдыр біріктірген Қазақстан халқы...» деп жазылған сөйлемнің мағынасының өте тереңде екені айтпаса да түсінікті. Себебі, Қазақстан халқының тарихи тағдырының бірлігі ел аумағында көптеген ұлт өкілдерінің жүздеген жылдар бойы бірге тұруы  нәтижесінде қалыптасты.
Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі - өзінің егеменді құқығын іске асырды. Сөйтіп біз Ата Заңда негізі қаланған құқықтық мемлекетті және азаматтық қоғамды қалыптастыру жолын таңдап алдық.
Мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін талқылау және шешу кезінде құқықтық санасы жоғары әрбір азамат Конституцияда көрсетілген жауапкершілікті жан-жақты сезінуі қажет. Қоғамның бүгіні мен болашағы үшін, Ата Заңымызды құрметтеп, қорғап және маңыздылығын жоғалтпай сақтауымыз Қазақстан Республикасындағы әрбір азаматтың міндеті мен парызы. Себебі Конституция біздің бүгініміздің негізін қалай отырып, болашағымыздың берік болуына бастайтын шамшырақ іспетті десек қателеспейміз.
Қазақстанның Конституциялық құрылысының тарихында Ата Заң бірнеше рет жазылып, қабылданды. (1926, 1937, 1978, 1993, 1995 жылдар). Олардың әрқайсысы қазақстандық мемлекеттіліктің ұлттық автономиядан толық мемлекеттік дербестікке және егемендікке дейінгі дамуының белгілі бір кезеңдерін көрсетті. 1995 жылы қабылданған Қазақстанның қазіргі Конституциясы еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігінің жаңа өрлеуін заңды түрде нығайтты.
Биылғы жылдың 30 тамызында біздің Конституциямызға 19 жыл толады. Бүгінде онда бекітілген нормалар, қағидаттар мен мемлекеттік институттар тәжірибеден өтіп, табысты жұмыс істеп кетті деп айтуға болады. Тәуелсіз мемлекет құру жұмысы аяқталды, тиімді экономика базасы жасалды, сөз бостандығы, бәсекелестік  және саяси көзқарастар қамтамасыз етілуде. Осындай іргелі жұмыстардың нәтижесі және ең басты жетістігі – бейбітшілік пен келісім. Қазақстандық қоғам енді өзінің қалаған дербес жолымен жан –жақты дамуда.
Иә, 30 тамыз еліміздің айтулы мерекелерінің бірі – Конституция күні.  1995 жылы жалпы халықтық референдумда барша қазақстандықтар тәуелсіз даму  жолына түскен елімізді биіктерге бастайтын Ата Заңды қабылдады. Биылғы Конституция мерекесінің ерекшелігі ол – Ата Заңымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, Конституция жаңарып, демократиялық дамуының жаңа кезеңіне қадам басты.
Ата Заңымызға енгізілген айтулы өзгерістер елімізде перзиденттік-парламенттік деп атауға болатын жүйенің негізін қалап берді.
Қабылданған өзгерістер мен толықтырулардың жекелеген сипатына қарамастан, түбегейлі жаңа Конституцияның дүниеге келгенін толық сеніммен айтуға болады. Жалпыға бірдей мойындалған демократиялық қағидаттар Қазақстан халқы үшін ең жоғары құндылықтар деп бекітілді. Сондықтан бұл оқиға дәуірлік сипат алып шын мәнінде тарихи мәнге ие болды.
Сөзімді қорыта келе айтарым, аяғынан тік тұрып, жаһандық және өңірлік дағдарыстар салдарын сеніммен еңсеріп, халықтың өмір сүру деңгейін   айтарлықтай көтерген Қазақстан орнықты демократия жолына түсті. Бұл жолдан енді ол таймайды, оның кепілі еліміздің Конституциясы, біздің Ата Заңымыз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін120
mod_vvisit_counterКеше1665
mod_vvisit_counterОсы аптада5124
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда12765
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2264434

Серіктестер