|
Әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде Жамбыл облыстық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен «Аумақтық және учаскелік референдум комиссиялары мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларына бағытталған оқыту семинары» өтті. Семинарға Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының мүшелері, Байзақ аудандық аумақтық референдум және учаскелік референдум комиссияларының мүшелері, аудан әкімі аппаратының басшысы, прокуратура және полиция бөлімінің өкілдері, аудан әкімі аппаратының қаржы шаруашылық бөлімшесінің есепшісі, аудан әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы, аумақтық сайлау комиссиялары жанынан құрылған жас сайлаушылар клубының мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Алқалы жиында облыстық референдум комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов «Республикалық референдум ұғымының негізгі аспектілері туралы» тақырыбында баяндама жасады. -Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының «2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумның қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы» 2026 жылғы 12 ақпандағы №6/15 Қаулысын орындау мақсатында өткізіліп жатқан семинар-оқытудың маңыздылығына тоқтала келе, баяндамашы референдумның негізгі аспектілеріне басымдық берді.
 Мұнан кейін «Республикалық референдумды дайындау және өткізу кезіндегі ұйымдастыру мәселелері», «Республикалық референдум өткізу кезінде мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз етудің және хабардар етудің өзекті мәселелері туралы» облыстық референдум комиссиясының хатшысы Әбілқайыр Боранбаевтың, «Референдумды өткізуде даярлық барысын ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етудегі онлайн-платформалар мен әлеуметтік желінің қолданысы», «Әлеуметтік желідегі посттарға жедел әрекет ету алгоритмі туралы» облыстық референдум комиссиясының мүшесі Мерей Амангелдінің, “Республикалық референдум қарсаңындағы үгіт туралы”, “Республикалық референдумды өткізу барысындағы байқаушылар мен саяси партиялар және қоғамдық ұйымдардың рөлі туралы” облыстық референдум комиссиясының мүшесі Мейіржан Сембековтің, «Республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тiзiмi, тізімге енгізу және таныстыру тәртібі туралы» Байзақ аудандық референдум комиссиясының төрағасы Бауыржан Көшербаевтың, «Республикалық референдумды мемлекеттік қаржыландыру туралы» облыстық референдум комиссиясының мүшесі Әсел Қадырбекованың, «Республикалық референдумның заң талаптарына сәйкес өткізілуін қамтамасыз ету және жауапкершiлiк туралы» облыстық референдум комиссиясының мүшесі Еркін Жапаровтың, «Республикалық референдумды өткiзу тәртiбi туралы», «Дауыс беру мен дауыс беруді ұйымдастыру тәртібі туралы» облыстық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Талғат Жамаловтың баяндамалары тыңдалды. Оқыту-семинарының бағдарламасына сәйкес, қатысушылар кейстік тапсырмалар орындап, «Kahoot» бағдарламасы арқылы викториналық сұрақтарға жауап берді. Семинар соңында қатысушыларға білімдерін бекітуге арналған тест тапсырылып, арнайы сертификаттар табысталды.
“Ауыл жаңалығы”- ақпарат. |