Онлайн газет



АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ, ҚАЗАҚ ЕЛІ!

Алғыс айту күні-жүректегі ризашылықты білдіретін ерекше күн. Бұл күн мен үшін терең мағынаға ие. Себебі менің тағдырым, отбасымның тарихы, бүкіл ғұмырым Қазақстанмен тығыз байланысты.
Мен Ахмедова Зара Эмиқызы, 1958 жылы Қырғызстанның Қара-Балта қаласына қарасты Чалдовар ауылында дүниеге келдім. Алайда менің өсіп-өнген, тамыр жайған жерім – Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Байтал совхозы. Ата-анам 1944 жылы Кавказ жерінен – Шали ауданы, Гелдаган ауылынан репрессия кезінде Қазақстанға жер аударылған. Ол жылдар – талай халықтың тағдырын сынаған ауыр кезең еді. Бірақ қазақ жері құшағын ашып, өзге ұлт өкілдерін жатсынбай қабылдады. Сол мейірім мен кеңдіктің арқасында біз өсіп, ер жеттік. Сондықтан мен Қазақстанды өз Отаным деп білемін. Осы жерде білім алып, 1982 жылы Жамбыл педагогикалық институтын бітірдім. Еңбек жолымды  Байзақ ауылында  орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастадым. Ұстаздық – мен үшін жай мамандық емес, өмірлік жолым болды. 44 жыл бойы шәкірт тәрбиелеп, олардың жетістігіне қуанып, ел болашағына үлес қостым.
Қазақстан - татулықтың, бірліктің мекені. Әртүрлі ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп келеді. Мен әрдайым жастарға: «Бірлік пен татулықты сақтау үшін бір-бірімізді сыйлауымыз керек. Ауызбіршілік болуы керек. Иманды, білімді болуымыз қажет. Отанды сүю – әр азаматтың парызы. Елді қорғау-қасиетті міндет»,-деп айтып келемін.
Алғыс айту күнінде мен қазақ халқына, Қазақстан еліне шексіз ризашылығымды білдіремін. Қиын-қыстау кезеңде пана болған, бізге мүмкіндік берген, білім алып, еңбек етіп, өмір сүруге жағдай жасаған осы қасиетті жерге алғыс айтамын.
Менің тілегім – елімізде әрдайым бейбітшілік, аспанымыз ашық, халқымыз аман болсын. Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз мәңгі болғай!
Қазақстанда тұрғаныма, осы елдің азаматы болғанымды мақтан тұтамын.

Зара АХМЕДОВА,
зейнеткер.
Байзақ ауылы.

Обновлено 27.02.2026 11:21
 

Халыққа жолдау

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2304
mod_vvisit_counterКеше4321
mod_vvisit_counterОсы аптада2304
mod_vvisit_counterӨткен аптада28488
mod_vvisit_counterОсы айда57249
mod_vvisit_counterӨткен айда126502
mod_vvisit_counterБәрі3700517

Серіктестер