|

Өткен аптаның жұмасында әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде республикалық “Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!” жалпыхалықтық коалициясының мүшелері М. Ескендіров, М.Әбутәліп және “Аmanat” партиясы облыстық филиалының төрағасы Д.Бейсенқұлов мәдениет саласының өкілдерімен, сосын Бурыл ауылындағы спорт кешенінде ұжыммен және спортшылармен кездесті. Кездесу барысында Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұқаш Ескендіров еліміздің жаңа тарихи кезеңге қадам басқандығын, мемлекеттің зайырлы сипатына, жаңа конституциялық модель экономикалық өсімді шикізатқа тәуелділіктен арылтып, адами капиталды-білім, ғылым, мәдениет пен инновацияны
алға шығарғандығын атап өтті. Жастар тәрбиесі, салауатты өмір салтын ұстану, тәуелсіздікті тұғырлы ету, ел болашағына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын түсіндірді. Мұнан кейін сөз алған Мүтәлі Әбутәліп Ата Заңның басты бағыттарының бірі-цифрландыру екендігін, жаңа Конституцияда азаматтарды цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау, дербес деректердің қауіпсіздігі, сондай-ақ отбасы және неке құндылығы туралы пікірін білдірді. «Аmanat» партиясы облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов ел тағдырына қатысты маңызды шешімдерді халықтың тікелей дауыс беруіне ұсыну-демократияның шынайы қағидаты екенін жеткізді. Жиналғандарды конституциялық референдум күні азаматтық ұстанымдарын көрсетуге шақырды.
 Жиында ауданның Құрметті азаматы, ақын, сазгер Қасқырбай Нарбатыр азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау - ел дамуының басты кепілі екендігін айтты. Жаңа Ата Заң жобасында өте маңызды мәселелер қамтылғандығына тоқтала келе, ұлттық мәдениетті қолдау мен тарихи-мәдени мұраны сақтау конституциялық деңгейде бекітілгендігіне басымдық берді. Кездесу соңында мәдениет және спорт саласының өкілдері жаңа Конституция жобасына енгізілген өзгерістерді қолдайтындықтарын білдірді.
“Ауыл жаңалығы”- ақпарат. |
|
Обновлено 24.02.2026 13:13 |