Онлайн газет



Акцияға атсалысуда

Ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа аманатталып келген ұлттық сана-сезімді өшірмеу, тарихын ұлықтау, салт-дәстүрді насихаттау және ел мәдениетін көтеруде әдебиеттердің алатын орны ерекше. Ол халықтың тарихи тағдырымен тығыз байланысты рухани құндылық болып табылады. Осы ретте, елімізде “Бұл халық игілігі” атты қайырымдылық акциясы жарияланғаны белгілі.  Акция ауданымыз бойынша да қолға алынуда. Оның басты мақсаты ел арасынан ХVІІІ-ХІХ және ХХ ғасырдың басындағы  басылымдар, оның ішінде қазақ басылымдарын, өлке туралы кітаптарды, репринттік басылымдарды, миниатюралар және қазақтың мәдени мұрасында маңызды тарихи орны бар басқа да сирек кездесетін қолжазбаларды жинап, оларды халық игілігіне айналдыру болып табылады.
Өткен аптада Сазтерек ауылдық кітапханасы мен осындағы “Айгөлек” балабақшасында аталмыш акцияға арналған жиын болып өтті. Ауылдың кітапханашысы А.Абдрасилованың мұрындық болуымен ұйымдастырылған іс-шара барысында тұрғындарға акцияның ережесі, негізгі міндеттері таныстырылды. Айнұр Абдрасилова сонымен қатар, акция қатысушыларын  іс-шараға біркісідей атсалысуға шақырды.
Өз кезегінде “Айгөлек” балабақшасының қызметкерлері  және ауыл тұрғындары Б.Қашқынова, К.Белгібаевалар акцияның мәні зор екендігін айтып, оның келер ұрпаққа тәрбие берудегі маңыздылығын сөз етті.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1176
mod_vvisit_counterКеше1665
mod_vvisit_counterОсы аптада6180
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда13821
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2265490

Серіктестер