|

Кеше аудан орталығындағы Сарыкемер мектеп-гимназиясында “Әділетті Прогрессивті Қазақстанның Халықтың Конституциясы үшін!” Жалпыұлттық коалициясының мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары Фарида Жүнісова мен Алтай Райқұлов мектеп ұстаздарымен кездесті. Кездесуге аудандық коалицияның мүшелері, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаев пен Байзақ ауданы білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Елнұрбек Ермеков қатысты. Кездесуді “AMANAT” партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудандық Жалпыұлттық коалицияның жетекшісі
Индира Спаналиева ашып, жүргізіп отырды.
 Кездесуде Фарида Жүнісова мен Алтай Райқұлов Жаңа Конституцияның мемлекетіміздің ұзақ мерзімді мүдделерін көздейтін тарихи құжат екендігі айтылды. Сондай-ақ биылғы жылғы 15 наурызға белгіленген Конституциямыздың ел тағдырына қатысты өзгерістері туралы айтып берді. Олар жаңа Конституцияның әрбір тараулары мен баптарына байланысты өзгерістер мен толықтыруларға түсінік берді. Ата Заңымыздың халықтың әл-ауқатының жақсаруына, еліміздің өсіп-өркендеуіне ықпалы мол екендігін атап өтті. Жаңа Конституцияны дайындау барысында халықтан 10 мыңнан аса ұсыныстар түсіп, олар негізге алынған. Барлық билік институттары азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды басты басымдық ретінде қарастырады. Коалиция мүшесі, “AMANAT” партиясы аудандық филиалы жанындағы әйелдер қанатының жетекшісі Күнсая Нұрланқызыда жаңа Конституция жобасы туралы өз ойын білдірді. * * * Мұндай кездесулер “Алель-Агро” АО, Көктал ауылдық дәрігерлік амбулатория жұмысшы - қызметкерлеріменде өтті.
“Ауыл жаңалығы” ақпарат. |
|
Обновлено 24.02.2026 13:07 |