Онлайн газет



ЕЛ БОЛАШАҒЫНА НЫҚ ҚАДАМ

Өткен аптада «AMANAT» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында 15 наурызда өтетін республикалық референдумға орай түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы бағытта «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының аудандық мүшелері Гүлбахрам Ермекова, Нұржан Тлепов, Жалғас Аруанов және Айжамал Уразалиевалар зиялы қауым өкілдерімен кездесу ұйымдастырды. Басқосуға қоғам белсенділері, ұстаздар, мәдениет және әлеуметтік сала мамандары қатысты.
Жиынды аудандық мәслихаттың депутаты Г. Ермекова ашып, жүргізді. Ол өз сөзінде алдағы саяси науқанның маңыздылығына тоқталып, референдум – халық еркін тікелей білдіретін

демократиялық тетік екенін атап өтті.
Келесі сөзді алған аудандық мәслихаттың депутаты Нұржан Тлепов ұсынылып отырған өзгерістердің мазмұнын жан-жақты түсіндірді. Оның айтуынша, Конституция – қоғам мен билік арасындағы негізгі келісім. «Ұсынылып отырған бастамалар заң үстемдігін күшейтуге, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыруға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге бағытталған. Референдум – әр азаматтың ел тағдырына тікелей ықпал ету мүмкіндігі», – деді ол.
Ақпараттық медиа орталығының тілшісі А. Уразалиева өз сөзінде цифрландыру үдерістерінің маңызына тоқталды. Ол заманауи технологиялар мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырып, азаматтар мен билік арасындағы өзара байланысты күшейтетінін айтты. Сондай-ақ ақпараттық кеңістікте дұрыс әрі сенімді мәлімет тарату – қоғам алдындағы жауапкершілік екеніне назар аударды.
Кездесу барысында құқықтық реформалардың қоғам тұрақтылығына әсері, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту, әділетті әрі ашық қоғам қалыптастыру мәселелері кеңінен  айтылып, ел ертеңі-әрбір азаматтың саналы таңдауына байланысты екені тағы бір мәрте атап өтілді.

 

Жанерке ӘЛТЕН,
«Ауыл жаңалығы».

Обновлено 24.02.2026 12:08
 

Халыққа жолдау

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2227
mod_vvisit_counterКеше4321
mod_vvisit_counterОсы аптада2227
mod_vvisit_counterӨткен аптада28488
mod_vvisit_counterОсы айда57172
mod_vvisit_counterӨткен айда126502
mod_vvisit_counterБәрі3700440

Серіктестер