|

Еліміз бойынша өтіп жатқан «Stop сталкинг» акциясы шеңберінде аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» Байзақ АПБ ҚҚб отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының қатысуымен дөңгелек үстел отырысын өткізді. Stop сталкингтің негізгі мақсаты-адамдарды сталкингтен қорғау және қоғамда жеке кеңістікке
құрмет мәдениетін қалыптастыру. Нақты мақсаттары: 1.Қауіпсіздікті қамтамасыз ету-жәбірленушілердің өмірі мен психологиялық саулығын қорғау. 2.Ақпараттандыру-сталкингтің не екенін, оның түрлері мен белгілерін түсіндіру. 3.Алдын алу - қоғамда мұндай әрекеттерге нөлдік төзімділік қалыптастыру. 4. Құқықтық қорғау-жәбірленушілерге заңдық көмек көрсетуге бағыт беру. 5.Қолдау көрсету-психологиялық және әлеуметтік көмек ұсыну. Сталкинг-бір адамның екінші адамды үнемі аңдуы, мазалауы, қадағалауы немесе рұқсатсыз байланыс орнатуға тырысуы. Бұл әрекет жәбірленушінің қорқыныш, күйзеліс сезінуіне және жеке өмірінің бұзылуына әкеледі. Қазіргі таңда сталкинг тек шынайы өмірде ғана емес, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы да жиі кездеседі. Сталкингтің түрлері 1.Физикалық сталкинг-адамды аңду, артынан қалмай жүру, үйі не жұмыс орнының маңында күту. 2.Киберсталкинг-әлеуметтік желілерде жазу, жалған аккаунттар ашу, жеке мәліметтерді тарату. 3. Қоқан-лоқы көрсету-қорқыту, бопсалау, үнемі мазасыз хабарламалар жіберу. Сталкингтің белгілері • Қажетсіз әрі қайталанатын қоңыраулар мен хабарламалар. • Әлеуметтік желілерде үздіксіз бақылау. • Жеке өмірге араласу, рұқсатсыз сурет немесе ақпарат тарату. • Қорқыту немесе қысым көрсету әрекеттері. Сталкингтің салдары Сталкинг адамның психологиялық жағдайына кері әсер етеді: үрей, депрессия, ұйқысыздық, қоғамнан оқшаулану. Кей жағдайларда бұл қауіпсіздікке нақты қатер төндіруі мүмкін. Stop сталкинг: не істеу керек? • Шекараңызды нақты белгілеңіз және байланыс орнатуды тоқтатуды талап етіңіз. • Дәлел ретінде барлық хабарламалар мен қоңырауларды сақтаңыз. • Әлеуметтік желідегі құпиялық баптауларын күшейтіңіз. • Жақындарыңызға жағдайды айтыңыз. • Қауіп төнсе, құқық қорғау органдарына жүгініңіз. Сталкинг-жай ғана «назар аударту» емес, бұл-адамның құқығы мен қауіпсіздігіне қол сұғу. Сондықтан қоғам болып мұндай әрекеттерге бейжай қарамай, әр адамның жеке кеңістігін құрметтеу мәдениетін қалыптастыруымыз қажет. Қысқаша айтқанда, Stop сталкингтің басты мақсаты – әр адамның жеке өміріне қол сұқпауды насихаттау және қауіпсіз орта құру.
Әйгерім Медетбек, аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің әлеуметтік қызметкері. |