Онлайн газет



МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА - ІС ЖҮЗІНДЕ

М.Шалғынбай,
«Ауыл жаңалығы».

«Әлемдік тұрақсыздықтың басты қатері – жұмыссыздықтың өсуі. Елде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік те, салалық та – барлық бағдарламалар, тек әлдебір бөліктері емес, барлығы нақты жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуі тиіс.
Сондықтан Үкіметке және әкімдерге 2013 жылдың өзінде-ақ

 

төмендегіні іске асыруды тапсырамын:
- кәсіпкерлікті дамыту және бизнесті қолдау жөніндегі бұрын қабылданған барлық бағдарламаларды ықпалдастыру;
- бюджеттік қаражатты жұмыссыздардың және кірісі аз адамдардың көрсеткіші жоғары өңірлерге бөлу
тетіктерін әзірлеу».


Бұл Елбасының ел халқына жолдаған, қоғамдық маңызы айқындалған құнды құжатында айтылған тапсырмасы болатын. Бұл бағыттағы шаралар бұған дейін «Жұмыспен қамту – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүйелі түрде жүзеге асып келді. Бұдан кейін ше? Елдегі жұмыссыздықпен күрес мәселесі қалай шешіледі және экономикадағы жұмысшы күшінің проблемасы қалай реттеледі?
Жаһандық дағдарыс тұсында экономикалық қуаттылығымыз арта қойған жоқ. Халық арасындағы әлеуметтік теңсіздік пен экономикалық белсенділік деңгейі де біршама төмендегені жасырын емес. Осы тұста мемлекетішілік әлеуметтік бағдарламаларды қабылдауға тура келді. Бұл ретте «Жол картасы – 2020» арнайы мемлекеттік бағдарламасы  еңбек  нарығына жүктелген болатын. Бағыты айқындалып, тиімділігі сұрыпталған соң бағдарламаны іле-шала «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы жалғады. Бүгінгі күнге дейін осы бағыт негізінде жұмыссыздық деңгейін төмендету алғышарттарына тосқауыл қойылып келді. Атап айтқанда, оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамыту, еңбек ресурстарының ұтқырлығын  арттыру  және ауылдың инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бағдарлар аясында жұмыс жасап келген бағдарлама өзгеріске ұшырады. Нақтырақ айтар болсақ, бағдарлама ықшамдалып, біріктірілу арқылы  жұмыс  жоспарын жалғастыра бермек. Осы уақыт аралығында жасалған жұмыстардың жалғасы не болмақ? Еңбек нарығына қажетті маман ретінде оқытылған жұмыссыздар ше? Бұлардың барлығы  да жел соққан бағытпен кетпейді. Ел экономикасына үлес қосушы, мемлекет саясатын оңтайлы жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар болып қалады. Ал «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы Мемлекет басшысының тапсырмасымен қазақстандық еңбек нарығының тиімділігін арттырудың кешенді «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасы болып өткен жылдың 19 маусымында қайта қабылданды.
«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы үш бағыт бойынша іске асырылады. Елдің әр азаматы мынадай бағыттардың бірі бойынша бағдарламаға қатыса алады. Олардың қатарында оқыту курсынан өту, мамандық бойынша жұмыс табу немесе өз бизнесіңді ашу немесе кеңейту бағыттары бар.
Осы мақсатта аудан әкімдігі жұмыспен қамту орталығының ағымдағы жылдың тамыз айына дейін атқарған жұмыстары туралы орталық маманы Бейбіт Сыздықовтың бізге берген мәліметін назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымындағы №636 қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша аудан әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы бірқатар жұмыстарды жүзеге асыруда.
Атап айтқанда, өткен жылғы 19 маусымда қабылданған «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы»  бағдарламасына сәйкес, үстіміздегі жылы біздің орталық арқылы 234 адамды жұмыспен қамту қарастырылса, бағдарламаның барлық бағыттары бойынша қатысушылар саны-211 адамды құрап отыр.
Оның ішінде, бағдарламаның бірінші бағыты бойынша, «Инфақұрылымды және тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» аясында 5 нысанға – 111,330 млн. теңгеге 58 жұмыс орны қарастырылған. Олардың елу пайызын, яғни «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 30 адамды жұмысқа тарту көзделінген. Мырзатай мен Дихан ауылдық клубтарында жүргізілген жөндеу жұмыстары аяқталып, екі адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Қалған жұмыстар жүргізіліп жатқан үш нысанға, атап айтсақ, аудандық аурухананың терапевтік бөлімшесіне – 11 адам, балалар көркемсурет мектебіне – 8 адам, Ы.Алтынсарин орта мектебі ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына – 9 адам жұмысқа жолданып, 10 пайыздық зейнетақы қорларына салықтары аударылды. Ал, бағдарламаның екінші бағыты «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» аясында, бірінші құрамдас бөлігі бойынша: 80 адамға шағын несие беруге 190,0 млн.теңге қаралған. Оның ішінде, облыс көлемінде мал шаруашылығын дамыту үшін, сауын сиырға 21 азаматтың құжаттары дайындалған. Жалпы несие алуға 760 адамның өтініші тіркелсе, оның жоспарлы 80 адамының құжаттары үстіміздегі жылғы сәуір айынан «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Жамбыл облыстық филиалына жолданды. Микроқаржылық ұйымға, алдыңғы кезектен тыс несие беруді ұйымдастыру мақсатында асыл тұқымды сиыр алатын 21 адамға, сүт өнімдерін өңдеуге «Жадыра» шаруа қожалығына 6,0 млн. теңге және инфрақұрылымды жайластыратын 8 адам несиелерін алды. Бүгінгі күнге 49 адам 123,9 млн.теңге несиеге қол жеткізді. Оның ішінде, сауын сиырға 21 азамат 54,9 млн. теңгеге несиелендірілді. Сондай-ақ аудандық әділет басқармасында 7 адамның құжаттары рәсімделуде.
Инфрақұрылымды жайластыру үшін республикалық бюджеттен 4 адамға 9 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 1 млн. теңге, барлығы 10 млн. теңге жоспарланған. Бүгінгі күнге, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне жолданатын 4 жобаның 3-і вебпорталға берілсе, 1-еуі мемлекеттік сараптамадан өтуде. Сүт өнімдерін өндіруге ниет білдірген кәсіпкерлерге несие беру жұмыстары бойынша 21 кеәсіпкер 54,9 млн. теңгеге тиісті несиелерін алды.
Кәсіпкерлік негіздерін оқытуда жеңімпаз – Астана қаласының «Astana School of Business and Technology» ЖШС-і  арқылы Тараз қаласында 80 адам оқып, сертификаттарын алып отыр.
Мемлекеттік бағдарламаның үшінші бағыты «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу», бірінші құрамдас бөлігі бойынша, 124 адамды жұмыспен қамту, оқыту жоспарланған. Қайта даярлауға – 2014 жылы жоспарланған 12 адам 3 айлық оқу курстарын аяқтап, тұрақты жұмыспен қамтылды, 10 пайыздық зейнетақы қорына салымдары аударылуда.
Сонымен бірге, біліктілігін арттыруға 5 адам сәуір айынан бастап әр түрлі мамандықтар түрлерімен 1 айлық курстар бойынша оқуларын аяқтап, барлығы тұрақты жұмыс орындарына орналасты. Ал, кәсіптік даярлауға жыл басынан 8 адам 01.09.2014 жылдан бастап әр түрлі мамандықтар түрлерімен 12 ай мерзімге оқуға жіберу жоспарланған. Алайда, облыстық басқарманың кәсіптік оқуларды мамандықтар бойынша іріктеу барысында жоспарлы сегіз адам төрт адамға қысқартылып отырғандықтан күздегі кәсіптік даярлауға 4 адам 1 қыркүйекке жолданады. Әлеуметтік жұмыс орындарына 10,543 млн. теңгеге 55 адам орналастырылып, 10 пайыздық зейнетақы қорына салымдары аударылуда.
2014 жылдың ақпан – шілде айларында  «Жол картасымен» оқуларын аяқтаған 24 білімгерді  жұмысқа орналастыру міндеті жүктелген. Оның ішінде, 4 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 11 азамат «Жастар практикасымен» жұмысқа орналастырылды. Қалған 4 азамат Тараз қаласына мекен-жайын ауыстырып, өз-өздерін жұмыспен қамтып отыр. 1 азаматша жүктілігіне байланысты демалыста болса, 1 азамат әскер қатарына шақырылып, 1-еуі денсаулығына байланысты академиялық демалысқа, 2 азамат жоғарғы оқу орнына құжаттарын тапсырған.
Алдағы уақытта, «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру мақсатындағы  жұмыстар жалғаса беретін болады.

 

Обновлено 25.08.2014 12:12
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін744
mod_vvisit_counterКеше1665
mod_vvisit_counterОсы аптада5748
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда13389
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2265058

Серіктестер